Оқиға
Оқиға – қалыпты өмір ағымындағы өзгеріс, санаға сілкініс әкелетін жәйт; құбылыстың, әрекеттің өту барысы.[1]Азаматтық құқықта – адамның еркі мен санасынан тыс, өзіндік себептерден туындайтын факт. Оған адамның тууы, қайтыс болуы, табиғи немесе техногендік апаттар, мезгілдің өтуі, табиғи құбылыстар, т.б. жатады. Ол құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздерінің бірі болып табылады. Алайда оқиға азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудыруға заңнамада көрсетілген реттерде ғана негіз бола алады. Қылмыстық іс жүргізу құқығында адам әрекеті де окиғаға жатады және анықтама мен тергеу органдарының қарау, тексеру шарасын жүргізуіне негіз болады.
Ішкі сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы 7- том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |