Ақыл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
23:02, 2022 ж. ақпанның 1 кезіндегі Alphy Haydar (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа Сана философиясы» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ақыл (кейде Рационалдылық, ағылш. Rationality) – ақылды (rational) түрде ойлау мен әрекет ету процессі, немесе күйі болып, пайымға негізделген зерде деңгейі, саналылықтың жоғары түрі.[1][2] Ақыл адам сенімінің сену негізіне сай келуін, әрекетінің әрекет ету негізіне сәйкес болуын білдіреді. Ақыл ұғымы философияда көп мағыналы,[3] ол сондай-ақ экономика, әлеуметтану, психология, эволюциялық биология, ойын теориясы және саясаттану секілді әртүрлі салаларда арнайы мағыналарға ие.

Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат. [4]

  • Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.
  • Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.


Философияның тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс философы Кант зор үлес қосты. Ол ойлау жүйесінің үш қасиетін бөліп атайды:

  • жалпыны тану қабілеті (тіршілік ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы) — пайымдылығы;
  • ерекшені жалпымен байланыстыруы (яғни жеке жағдайларды жалпының ерекшелігіне ендіруі) — тұжырымдау қабілеті;
  • ерекшені жалпы арқылы анықтау қабілеті (яғни принциптерді шығару қабілеті) — парасаттылығы.

Интеллектуалдық таным қабілеті әр адамда әртүрлі, тіпті бір адамның өзінің түрлі өмір кезеңдерінде ол бірдей болмайды. Ойлау қабілетін дамыту, тәрбиелеу керек. Адам танымының табиғи прогресі туралы айта келіп Кант алдымен ақыл дамитынын: тәжірибенің негізінде ой айқын тұжырымдарға, сонан соң тұжырымдар көмегімен ұғымдарға жететінін, содан кейін бұл ұғымдардың негіздері және себеп-салдарлары ақылмен танылып, ең соңында ғылыми жүйеге келтірілетінін дәлелдейді. Сондықтан ақыл беру де (жас жеткіншектерге) дәл сол жолмен жүруге тиіс. Оқытушы да өз тыңдаушысынан алдымен пайымдай алуды, сонан соң ақылдылықты, ең ақырында ғалымдық қасиеттерді күтуі керек.

Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі — даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін “жасанды интеллектіге” беру — компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Definition of RATIONALITY.
  2. Definition of RATIONAL.
  3. Reason.
  4. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2