Ask.fm

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ask.fm
логотипі
URL

ask.fm

Коммерциялық

иә

Сайттың түрі

әлеуметтік желі элементтері бар сұрақ - жауап қызметі

Кірушілер саны

70 млн. қолданушы [1]

Ашылған уақыты

2010

Ask.fm - 2010 жылы құрылған сұрақ-жауап жүйесі. Сайт Латвияда Formspring бәсекелесі ретінде ашылған. Сайтқа тіркелгеннен кейін пайдаланушы сауалнамасын толтырып, басқа тұтынушыларға жасырын немесе өз атынан сұрақ қоя алады. Және жасырын келген немесе басқа тұтынушылар атынан келген сұрақтарға жауап бере алады. Ask.fm басқа әлеуметтік сайттармен жұптастырылған, яғни Facebook, Twitter, ВКонтакте, Tumblr. Бұл әлеуметтік жүйелер Ask.fm сайтының таралуына үлкен мүмкіндіктер берді.

Желі 2010 жылы Латвияда Formspring бәсекелесі ретінде құрылды. Содан кейін желі өз бәсекелесін артта қалдырып, ТМД мемлекеттерінде өте танымал. Alexa Internet нұсқасы бойынша сайт 148 орында. 2013 жылдың сәуіріне қарай тіркелген адамдардың саны 50 млн-ға жетті. 2014 жылдың қарашасында сайттың иесі өзгеріп, жақында ресурс Ирландияға көшеді. 2013 тамызына қарай тіркелген адамдардың саны 70 млнға жетті және күніне 30 млннаң астам сұрақ - жауап шығады.

2012 жылы Ирландияда тұратын 2 жасөспірімдерге жасырын адам мазақ еткендіктен өз өмірлерін кесті. Және олардын ата-аналары 2 баланың өлімі осы порталдың кесірінен екенін жариялады. Бірақ, Ирландық полиция жасырын адамды таба алмады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Jennifer Van Grove. Ask.fm, the troubling secret playground of tweens and teens, CNET (8 маусым 2013). Тексерілді 13 маусымның 2013. (ағыл.)