Олександр Володимирович Зінченко

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Олександр Зінченко Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

15 желтоқсан 1996 (1996-12-15) (27 жас)

Туған жері

Радомышль, Житомир облысы, Украина

Азаматтығы

 Украина

Бойы

175 см

Салмағы

64 кг

Позиция

қорғаушы, жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Арсенал

Номері

35

Жастар клубы
2004—2008 Украина ДЮСШ Карпатия
2008—2009 Украина Монолит (Ильичёвск)
2010—2014 Украина Шахтёр (Донецк)
2015 Ресей Уфа
Клуб карьерасы[* 1]
2015—2016 Ресей Уфа 31 (2)
2016—2022 Англия Манчестер Сити 76 (0)
2016—2017   Нидерланд ПСВ 12 (0)
2017   Нидерланд Йонг ПСВ 7 (0)
2022— Англия Арсенал 0 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2011—2012 Украина Украина U16 2 (0)
2012—2013 Украина Украина U17 6 (1)
2013 Украина Украина U18 6 (1)
2014 Украина Украина U19 6 (1)
2015—2017 Украина Украина U21 8 (1)
2015—  Украина 52 (8)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Олександр Володимирович Зінченко (укр. Олександр Володимирович Зінченко; 15 желтоқсан 1996 жыл,[1] Радомышль, Житомир облысы, Украина) — украиналық футболшы, "Арсенал" клубы мен Украина құрамасының жартылай қорғаушысы.

Зинченко «Манчестер Сити» құрамында

"Шахтер" клубының түлегі. Бірақ кәсіпқой футболшы ретінде бірінші келісім шартын 2015 жылы қаңтарда Ресейдің "Уфа" клубымен жасасты. Жанкүйерлер арасындағы сауалнама бойынша, шілде айындағы "Уфаның" үздік футболшысы атанды.

2015 жылы жазда "Манчестер Сити" клубымен бес жылдық келісім шарт жасасты.

2016/17 жылғы маусымды "ПСВ Эйндховен" сапында арендада өткізді.

Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2015 жылы 10 қазанда Испанияға қарсы өткізді. Бұл ЕУРО-2016 турнирнің іріктеуі болатын. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.

2022 жылдың 22 шілдесінде "Арсенал" Зинченкомен төрт жылдық келісімшартқа қол қойылғанын растады, трансфер құны 30 миллион фунт болды, ол бонус түрінде 32 миллионға дейін өсуі мүмкін[2][3].

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Манчестер Сити»
  • Англия чемпионы (2): 2017/18, 2018/19
  • Англия кубогы: 2018/19
  • Лига кубогы (3): 2017/18, 2018/19, 2019/20
  • Англия Суперкубогы: 2019

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Профилі — Transfermarkt.com
  2. Oleksandr Zinchenko joins from Manchester City.  (ағыл.). arsenal.com. Тексерілді, 22 шілде 2022.
  3. Oleksandr Zinchenko completes Arsenal transfer from Manchester City  (ағыл.). The Athletic. Тексерілді, 22 шілде 2022.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]