Алғы сөз
Алғы сөз — белгілі бір шығармаға арналып жазылған түсініктеме. Негізгі текстің алдынан беріледі. Автордың өмірі, шығарманың мақсаты, түрі, жазылу себебі, құрылысы, маңызы т.б. жөнінде мәлімет келтіріледі. Кімнің жазғанына байланысты Алғы сөзді түрлендіріп беруге болады (“Редактордан”, “Автордан”, “Құрастырушыдан”, “Аудармашыдан”, “Баспадан” т.б.). А.Жұбановтың “Құрманғазы” монографиясына (1960), С.Мұқановтың “Мөлдір махаббат” романына (1959), М.Мақатаевтың “Қош бол, махаббат” кітабына (1988) жазылған Алғы сөз таңдаулы үлгіге жатады. Кейде Алғы сөздің міндетін соңғы сөз атқарады. Әдеби шығарманың беташары секілді берілетін алғы сөзді аңдату деп атайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|