Арахис

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Арахис

Арахис (жер жаңғағы немесе қытай жаңғағы деп те аталады)[1] — бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік туысы. Бұршақ тұқымдас бағалы майлы дақылға жатады. 30 түрі бар. Жемісінде 42%-дай азықтың май мен 22% белок бар. Өнімділігі гектарына 15—40 ц. Үндістанда, Қытайда, Нигерияда, АҚШ-та және т.б. елдерде өсіріледі. Тамаққа пайдаланылатын жемістері жержаңғақ, қытай жаңғағынан арахис майы, халуа өндіріледі.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1