Аристосухус

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аристосухус - кішкентай денелі динозавр. Oның құстармен ұқсас жерлері де бар. Аристосухустың құйымшақ, жамбас, шат сүйектері және бірнеше омыртқасы ғана табылған. Оның жамбас сүйегінің қанат тәрізді алдыңғы ұршығы болған. Ал төртінші жілігі едәуір қысқа. Осы сүйектердің қасынан аристосухусқа тиесілі болуы мүмкін деген екі саусақ бөліктері табылды. Саусаққа жабысқан тырнақтар ерекше үлкен болып шықты.Аристосухус атауы үздік кесіртке деген мағынаны білдіреді. Бұл-" каламоспондилус" динозаврының бұрынғы атауы. Ол - екі аяқпен жүретін, етпен қоректенетін теропод тұқымдасы. Ғалымдар бұл жыртқыштың ұзындығы екі метр, салмағы отыз келіге жуық болғанын есептеп шығарды. Сүйектері Англияның Уайт аралынан 125 миллион жыл бұрынғы ерте Бор дәуірінің кен орындарынан табылды. Аристосухус көлемі мен сырт келбеті жағынан компсогнатқа ұқсаған. Сонымен қатар аристосухусты көп уақыт каламоспондилуспен де шатастырып келді. Кейіннен динозавр қайта зерттеліп, шат сүйегінің болуына байланысты компсогнат тұқымдасына жататыны дәлелденген.[1]


дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

<references>


  1. Динозаврлар энциклопедиясы. Алматы:- "Аруна" баспасы,- 256 бет.