Астрахан облысы
Ресей Федерация субъекті | |||||
Астрахан облысы | |||||
орыс. Астраханская область | |||||
Бөкей хан кесенесі | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Кіреді | |||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Губернатор |
Игорь Юрьевич Бабушкин | ||||
Дума төрағасы |
Игорь Александрович Мартынов | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
47°14′00″ с. е. 47°14′00″ ш. б. / 47.23333° с. е. 47.23333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°14′00″ с. е. 47°14′00″ ш. б. / 47.23333° с. е. 47.23333° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Жер аумағы |
49 024 км² (54 орын) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ · орын |
553,4 млрд руб. (2018) | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
↘997 778 адам (2021)(52 орын) | ||||
Тығыздығы |
20,35 адам/км² | ||||
astrobl.ru (орыс.) | |||||
Астрахан облысы Ортаққорда Координаттар: 47°14′00″ с. е. 47°14′00″ ш. б. / 47.23333° с. е. 47.23333° ш. б. (G) (O) (Я) |
Астрахан облысы (орыс. Астраха́нская о́бласть) — Ресей Федерациясының оңтүстік-батысында, Каспий маңы ойпатында орналасқан әкімшілік субъект. Оңтүстік федералды округіне жатады.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батысы Қалмақстан (Хальмг-Тангч) Республикасымен, солтүстік-батысы және солтүстігі Волгоград облысымен, шығысы Қазақстан Республикасының Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Жерінің аумағы 44,1 мың км², тұрғыны 1006,6 мың адам (1991).
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Астрахань облысында 141 муниципалды құрылым бар, оның ішінде 2 қалалық округ (оның бірі Знаменск Астрахан облысының жабық әкімшілік аумақтық бірлігі), 11 муниципалды аудан, 11 қалалық кент, 117 ауылдық елді мекен.
Қалалық округтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Елтаңбасы | Қалалық округ | Тұрғындары (2015), адам. |
---|---|---|---|
I | Астрахан қ. | ↘524 371 | |
II | Знаменск ЖӘАҚ | 27 208[1] |
Муниципалды аудандар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Туы/Елтаңбасы | Муниципалды аудан | Әкімшілік орталығы |
Ауданы, км² |
Тұрғындары, адам |
---|---|---|---|---|---|
1 | Ақтөбе ауданы | Ақтөбе қ. | 7 810 | ↘60 973 | |
2 | Володар ауданы | Володарский ауылы | 3 883 | ↘45 974 | |
3 | Жантау ауданы | Жантау ауылы | 6 300 | ↘24 604 | |
4 | Икряной ауданы | Икряное ауылы | 1 950 | ↘45 917 | |
5 | Қамысөзек ауданы | Қамысөзек қ. | 3 493 | ↘45 893 | |
6 | Краснояр ауданы | Красный Яр ауылы | 5 260 | ↘36 565 | |
7 | Лиман ауданы | Лиман кенті | 2 100 | ↘28 840 | |
8 | Нариман ауданы | Нариман қ. | 6 100 | ↘46 954 | |
9 | Приволжский ауданы | Началово ауылы | 841 | ↗53 945 | |
10 | Қарабайлы ауданы | Қарабайлы қ. | 7 100 | ↘39 050 | |
11 | Чернояр ауданы | Черный Яр ауылы | 4 200 | ↘18 331 |
- Аудандық маңызы бар қалалар
Қалалық елді мекеннің атауы | Халық саны |
---|---|
Ақтөбе қ. | 38507 |
Нариман қ. | 11196 |
Қамысөзек қ. | 16219 |
Қарабайлы қ. | 18041 |
- 5 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендер
Табиғаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыстың жер бедері тегіс және көп бөлігі теңіз деңгейінен төмен (2,7 м-ден — 27,5 м-ге дейін) жатыр. Жер бедеріне Каспий маңы ойпатының тұзды күмбездер көтерілімі тән. Астрахан облысының ең биік жері Боғда тауы (150 м). Климаты катаң континенттік, құрғақ болып келеді. Орташа температура қаңтарда — 9,70-6,9°С, шілдеде 25°С шамасында. Жауын-шашынның орташа мөлшері 200 мм. Аумағынан ағатын ең ірі өзен — Еділ. Өзен төменгі ағысында тармақталып кетеді. Тармақтарының ең ірілері: Ахтуба (Ақтөбе), Бақтемір, Бола, Бозан. Облыс аумағында тұзды көлдер көп. Ең ірілері: Баскүнжақ, Бас, Искрянин т.б. Тұщы көлдер (илмендер) Еділдің жайылмасы мен атырауында кездеседі. Астрахан облысын шөлейт белдем алып жатыр. Топырағы ашық қызыл қоңыр және сортаңды топырақтан шөл даланың сұр топырағына дейін дейін өзгереді. Өзен жайылмаларында аллювийлі топырақ басым. Онда шалғындық шөптесін өсімдіктер, өзен аңғарларында тоғайлар мен бұталар, қамыс, құрақ өседі. Өзендегі 50-дей балық түрінің 30-ының кәсіптік маңызы бар.
Шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Балық өңдеу және консервілеу, ас тұзын өндіру, машина жасау, ағаш өңдеу мен целлюлоза-қағаз өнеркәсібі дамыған. Сонымен қатар овощ пен бақша дақылдарын егу, мал шаруашылығы дамыған облыстардың бірі. Балық өңдеу және консервілеу кәсіпорындары Астрахан қаласында және теңіз жағалауы поселкелерінде орналасқан. Тұз өндіру және тазалау өнеркәсібінің орталықтары Төм.Басқұншақ поселкасы мен Ахтуба қаласында. Егіншілікте овощ, бау-бақша дақылдары үлкен орын алады. Егістік негізінен Еділ-Ахтуба (Ақтөбе) атырабында.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұрғындарының негізін орыстар құрайды (77%). Астрахан облысында қазақтар да жиі қоныстанған. Олар облыс тұрғындарының 10%-дан астамын құрайды. Тығызд. 1 км²-ге 23 адамнан келеді. Қалаларда тұрғындардың 70%-ға жуығы тұрады. Ірі қалалары: Астрахан, Ахтуба (Ақтөбе), Харабали. Астрахан облысында тамақ жасау (балық, ет, тұздықтар), машина жасау (кеме), химия, газ өндіру және өңдеу, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсіптері, сондай-ақ астық, көкөніс, етті-жүнді қой ш. мен етті-сүтті ірі қара мал шаруашылықтары дамыған. Басқұншақ кенінен ас тұзын өндіреді.
Ұлттық құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыстың ең көп халқы – орыстар, олар ондағы халықтың абсолютті көпшілігін құрайды (2002 жылғы мәліметтер бойынша – 69,9%, 2010 жылғы мәліметтер бойынша – 67,6%). Халық саны бойынша екінші орында қазақтар (2010 жылғы мәліметтер бойынша – 16,3%), бұл Ресейдегі ең ірі қазақ қауымы. Астрахан облысы татарлардың (оның ішінде астрахандық және жұрт татарлары, сондай-ақ ноғайлар, негізінен басқа диалекттерде сөйлейтін қарағаштар (8,5%), бірақ санақтарда татарлар деп есептеледі); қалмақтар мен Астрахан түрікмендерінің де тарихи тұрғылықты жері болып табылады.
Бүкілресейлік және бүкілодақтық санақ мәліметтері бойынша облыс халқының ұлттық құрамындағы өзгерістер (1926-2010):
Халық | 1926 жыл мың адам[2] |
1959 жыл мың адам[3] |
1970 жыл мың адам[4] |
1979 жыл мың адам[5] |
1989 жыл мың адам[6] |
2002 жыл мың адам[7] |
2010 жыл мың адам[8] | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Орыстар | 380,0 (74,5 %) | ▲ 544,1 (77,5 %) | ▲ 654,9 (75,5 %) | ▲ 684,3 (74,7 %) | ▲ 713,6 (71,9 % | ▼ 700,6 (69,3 %) | ▼ 618,2 (67,6 %) | ||||||||||||
Қазақтар | 45,7 (8,7 %) | ▲ 68,9 (9,8 %) | ▲ 96,7 (11,2 %) | ▲ 106,0 (11,6 %) | ▲ 136,5 (12,8 %) | ▲ 142,6 (14,1 %) | ▲ 149,4 (16,3 %) | ||||||||||||
Татарлар | 48,5 (9,5 %) | ▲ 57,2 (8,1 %) | ▲ 67,1 (7,7 %) | ▲ 70,8 (7,7 %) | ▲ 71,7 (7,2 %) | ▲ 80,6 (7,9 %) | ▲ 90,5 (8,8 %) | ||||||||||||
Украиндар | 13,9 (2,7 %) | ▼ 6,5 (0,9 %) | ▲ 14,0 (1,6 %) | ▲ 15,8 (1,7 %) | ▲ 18,7 (1,9 %) | ▼ 12,6 (1,2 %) | ▼ 1,1 (0,2 %) | ||||||||||||
әзербайжандар | ▲ 4,5 (0,45 %) | ▲ 8,2 (0,8 %) | ▼ 7,8 (0,9 %) | ||||||||||||||||
Шешендер | ▲ 4,6 (0,5 %) | ▲ 7,9 (0,8 %) | ▲ 10,0 (1,0 %) | ▼ 7,2 (0,8 %) | |||||||||||||||
Қалмақтар | 4,4 (0,9 %) | ▲ 12,7 (1,8 %) | ▼ 11,4 (1,3 %) | ▼ 8,7 (0,95 %) | ▼ 8,2 (0,8 %) | ▼ 7,2 (0,7 %) | ▼ 6,7 (0,7 %) | ||||||||||||
Армяндар | 3,1 (0,6 %) | ▲ 2,8 (0,3 %) | ▲ 6,3 (0,6 %) | ▼ 5,8 (0,6 %) | |||||||||||||||
Сығандар | ▲ 2,2 (0,2 %) | ▲ 2,5 (0,25 %) | ▲ 7,3 (0,7 %) | ▼ 5,2 (0,6 %) | |||||||||||||||
Аварлар | ▲ 4,2 (0,4 %) | ▲ 4,7 (0,5 %) | |||||||||||||||||
Лезгиндер | ▲ 3,0 (0,3 %) | ▲ 4,2 (0,5 %) | |||||||||||||||||
Даргиндер | ▲ 2,7 (0,3 %) | ▲ 3,6 (0,4 %) | ▲ 4,2 (0,5 %) | ||||||||||||||||
Кәрістер | ▲ 2,0 (0,2 %) | ▲ 2,9 (0,3 %) | |||||||||||||||||
Түрікмендер | 1,2 (0,2 %) | ▼ 1,1 | ▲ 1,4 | ▲ 1,6 | ▲ 2,3 (0,3 %) | ▼ 2,2 (0,3 %) | |||||||||||||
Яһудилер | 6,1 (1,2 %) | ▼ 3,8 (0,5 %) | ▼ 3,4 (0,4 %) | ▼ 2,8 (0,3 %) | ▼ 2,1 (0,2 %) | ||||||||||||||
Беларустар | ▲ 3,2 (0,3 %) | ▲ 4,0 (0,4 %) | ▼ 2,7 (0,3 %) | ||||||||||||||||
Немістер | 2,8 (0,5 %) | ||||||||||||||||||
Ұлты туралы деректер жоқ адамдар |
3,0 | 22,1 | |||||||||||||||||
2000-нан астам халқы бар ұлттар көрсетілген (түрікмендерді қоспағанда) |
Қазақтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақтар халықтың 16,3%-дан астамын құрайды және Астрахан облысының барлық дерлік аудандары мен қалаларында тұрады, бұл жалпы Ресейдегі ең үлкен көрсеткіш. Ресейдің қазақтар тұратын басқа аймақтарындағы сияқты қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді, ал қазақтар тығыз орналасқан аймақтарда орта мектептерде қазақ тілі оқытылады. Астрахань облысында қазақтың ірі мәдени орталығы – «Жолдастық». Астрахан (АМТУ) жоғары оқу орындарында қазақ тілі оқытылады. 2016-19 жылдары жер шарының ең қарт тұрғындарының бірі Астрахан облысы Красноярск ауданы Исламғазы ауылының тұрғыны Астрахандық қазақ Тәнзиля Бисембеева болды. 2016 жылдың наурыз айында 120 жасқа толды[9].
Облыстық билік органдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Заң шығарушы орган
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Астрахан облысының өкілді билігінің органы 1994-2001 жылдар аралығында Астрахан облыстық өкілді жиналысы деп аталатын Астрахан облысының Думасы болып табылады.
Астрахан облысының Думасының құрылымы келесідей:
- Астрахан облысы Думасының төрағасы;
- Астрахан облысы Дума төрағасының бірінші орынбасары;
- Астрахан облысы Дума төрағасының орынбасары;
- Астрахан облысы Думасының аппараты;
- Комитеттер мен саяси фракциялар.
2006 жылдан бастап аймақтық заң шығарушы органның төрағасы «Единая Россия» партиясының облыстық филиалының басшысы Александр Борисович Клыканов болды, оның кандидатурасы 2009 жылы облыс губернаторы лауазымына қаралды. 2016 жылы Игорь Александрович Мартынов Астрахан облысы Думасының алтыншы шақырылым төрағасы болып сайланды.
2006 жылға дейін облыстық заң шығарушы орган мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы құрылды. 2006 жылы сайлау заңнамасының өзгеруіне байланысты сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша өткізілді.
Атқарушы билік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Губернатор — Астрахан облысының атқарушы билігін басқаратын ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады.
Астрахань облысының губернаторлары:
- Гужвин Анатолий Петрович — 1991-2004 жылдары облыс губернаторы болды.
- Жилкин Александр Александрович — 2004-2018 жылдары облыс губернаторы болды.
- Морозов Сергей Петрович — 2018 жылдың 26 қыркүйегінен 2019 жылдың 5 маусымына дейін губернатор м. а. болды.
- Бабушкин Игорь Юрьевич — 2019 жылғы 17 қыркүйектен бастап облыс губернаторы, 2019 жылдың 5 маусымы мен 17 қыркүйегі аралығында облыс губернаторы м. а. болды.
1996 және 2000 жылдардағы сайлауда жеңіске жеткен Анатолий Петрович Гужвин 1991 жылдан бастап 2004 жылға дейін облыс губернаторы болды. 2004 жылы тамызда Гужвин қайтыс болғаннан кейін 2004 жылдың 5 желтоқсанында өткен Астрахан облысы басшысының кезектен тыс сайлауында аймақ басшысының міндетін атқарушы Александр Александрович Жилкин жеңіске жетті. Жеңімпаз «Единая Россияның» қолдауына ие болды. Губернатор облыстық атқарушы билік пен Астрахан облысы Үкіметінің жұмысына басшылық жасайды. 2004 жылдан бастап 2017 жылға дейін Астрахан облысы Үкіметінің төрағасы Маркелов Константин Алексеевич болды. 2017 жылдан бастап Астрахан облысы Үкіметінің төрағасы Сұлтанов Расул Жәнібекұлы болып табылады.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ресей Федерациясының муниципалит құрылымдары бойынша халық саны. Мұрағатталған 14 мамырдың 2020 жылы.
- ↑ Демоскоп Weekly — Қосымша. Статистикалық көрсеткіштер анықтамалығы.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Демоскоп Weekly — Қосымша. Статистикалық көрсеткіштер анықтамалығы.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Демоскоп Weekly — Қосымша. Статистикалық көрсеткіштер анықтамалығы.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Демоскоп Weekly — Қосымша. Статистикалық көрсеткіштер анықтамалығы.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Демоскоп Weekly — Қосымша. Статистикалық көрсеткіштер анықтамалығы.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Демоскоп Weekly - Қосымша. Статистикалық көрсеткіштер анықтамалығы. Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қаңтар 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 21 сәуір 2013.
- ↑ 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағының қорытынды нәтижелері туралы ақпараттық мәліметтер.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Распутиннен Путинге дейін: планетадағы ең қарт әйел Астрахан маңында тұрады. vesti.ru.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 2 сәуір 2018.