Ағытпа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ағытпа (Разъем) — қосқыш электр тізбектерін, электрондық блоктарды бір-біріне қосып, ажыратып тұратын электромеханикалық құрылғы. Ағытпа, әдетте, цилиндрлі немесе үшкір түйіспелі қадауыштардан және түйіспелі ұяшықтары бар розеткадан тұрады. Түйіспелі қадауыштар мен ұяшықтар, көбіне металл немесе пластмасса корпустағы оқшаулағыштарда орналастырылады. Олар блокаралық жалғауларды көп талшықты иілгіш сымдар немесе кабельдермен қосады. Оқшаулағыштары мен корпустарының түріне қарай ағытпа: цилиндрлі және төртбұрышты болып бөлінеді. Цилиндрлік ағытпа кабельдер мен сымдарды қосу үшін, ал төртбұрыштар блокаралық және ішкі блоктық жалғауларды, мөрлі төсеніштерді қосу үшін қолданылады. Қазіргі кезде ағытпа таспа түрінде де жасалады.

Ағытпа (connector) - оптикалық талшықты немесе есілген жұптарды көп мәрте қосуға және ажыратуға мүмкіндік беретін оптикалық немесе электрлік ағытпалы қосылыс. Ағытпалар өлшемдері, пішіндері, ашаны розеткаға бекітіп, ішке қосу түрлері, тұтастырылған өткізгіштердің немесе сәулежолдардың саны арқылы бір-бірінен ерекшеленеді. Жұмысқа пайдалану параметрлерін төмендетпестен қосудың және ажыратудың бірнеше жүздеген циклдарымен қамтамасыз етеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6