Байланыс жолы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Байланыс жолы (Линия связи) — электр сигналының берушіге жеткізілуін қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен табиғи немесе жасанды орта жиынтығы болып табылады. Байланыс жолы электрлік, дыбыстық (акустикалық) жөне оптикалық болуы мүмкін. Кең таралган электрлік байланыс жолының қатарына: сымдық/өткізгіштік (өуе немесе кабель), радио (радиорелейлік, жерсеріктік және т.б.), оптикалық (кабельдік) және атмосфералық жолдар жатады. Әуе байланыс жолы изоляторлар арқылы ағаш немесе темір-бетон бағаналарға ілініп тартылған изоляцияланбаған металл немесе биметалл сымдардан тұрады. Кабельдік байланыс жолы жер астына тікелей немесе канализация құбырлары арқылы төселіп көміледі, су асты аркылы тартылады, тіректерге де ілінеді, үй қабырғаларына бекітіліп те тартылады. Қ. : Радиорелейлік байланыс, Спутниктік байланыс, Ғарыштық байланыс.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6