Бейнемагнитофон
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Бейнемагнитофон (Видеомагнитофон) — магниттік таспаға бейненің электр сигналын жазуға және жазылған сигналды бейне түрінде қалпына келтіруге арналған құрал. Жұмыс істеу принципі магнитофонның жұмыс істеу принципіне ұксас. Бірақ бейне жазу 50 Гц — 6,5 МГц жиілік жолагын қамтитын болғандықтан, жазу процесі біршама күрделі орындалады. Жиілік жолағының кең болуы бейнетаспанын аса зор жылдамдықпен қозғалып, оның көп көлемде жұмсалуын талап етеді. Бұл мәселе бейнетаспамен қоса бастиектің (бастиектердің) де бейне таспа қозғалысына кері бағытта айнала қозғалуы арқылы шешілген. Мысалы, дыбыс таспаның бір шетіндегі жолға ұзына бойы жазылса, бейнежазу бастиектің айналма қозғалысы арқылы таспаға қиғаш жазылады. Бастиектің айналу жылдамдығы — 3000 айн/мин-қа жетеді. Бірнеше бастиектер болуы мүмкін.[1]
Видеомагнитофон- магниттік лентаға жазуға және сол лентадан кескін мен дыбысты қайта жаңғыртуға арналған аппарат. Тұрмыстық видеомагнитофон ақ-қара не түрлі-түсті телевизормен комплект құрап, үй жағдайында телевизиялық программаларды жазуға және қайта жаңғыртуға ,басқа видеомагнитофонда жазылған хабарларды көруге мүмкіндік береді. Магнитофон секілді видеомагнитофондағы бір лентаға бірнеше дүркін жазуға болады.
Магнитофонмен салыстыру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оның магнитофоннан басты ерекшелігі қайта жаңғырту жиілік диапазоны барынша кең болып келеді. Егер дыбыс жазу кезінде қайта жаңғырту жиілігінің жолағы 20 кГц-тен аспаса, видео жазу кезінде ол 6 Мкц-ке дейін жетеді. Сондықтан телевизиялық сигналды жазуда магниттік лентаның видеожазғышпен салыстырғандағы жылжуы магнитафондағыдан әлдеқайда тез болуы қажет. Бірақ жылдамдықты арттыру лентаны тез тоздырады. Тез қозғалу кезінде лентаны жазғышпен үнемі түйістіріп отыру қиындыққа соқтырады және лента көп шығын болады. Сол себепті тұрмыстық видеомагнитофондардың көпшілігінде лентаның тез жылжуын қамтамасыз ету үшін айналмалы видеожазғыш арқылы, көлбеу-сызықты тәсілмен жазады. Видеожазғыштың айналу жиілігі мен лента жылдамдығын видеожазғыш толық бір телевизиялық кескінді жарты кадр жазатындай есеппен белгілейді. Кескіннің қалыпты қайта жаңғыртуын қамтамасыз ететін дыбыстық және синхронды сигналдар,кескін жазылатын лентаның жиегіне бөлек дыбыс жазғышпен жазылады. Отандық өнеркәсіп телевизордан берілетін түрлі- түсті және ақ-қара телевизиялық хабарларды жазуды және дыбысымен қосып қайта жаңғыртуды, сондай- ақ ақ- қара кескінді протативті видеокамера көмегімен жазып, дыбысты камераның ішіне орнатылған микрофон арқылы таратуды қамтамасыз етеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — электроника туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |