Бел (жер бедері)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бел - жер бедерінің атауы. Жонда, қырқада, жалда, адырда т.б. болатын жадағай асу. Байырғы ортада ауылды биікте белді жерге жақын қондыруды дұрыс санаған. Ертеде көшпелі ортада мұндай орындар табиғи апат, зілзаладан сақтануға қолайлы жер ретінде, жаугершілікте төңіректі барлауға болатын мүмкіндігіне байланысты таңдалған. «Ауыл маңында бел болса, ерттеулі атпеп тең, үйіңде қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген тұрақты тіркес осыған байланысты айтылса керек.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2