Бертран Рассел
Бертран Рассел | |
ағылш. Bertrand Russell | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Шығармашылығы | |
Шығармалардың тілі | |
Мектеп/дәстүр | |
Бағыты |
Батыс философия |
Негізгі қызығушылығы |
Эпистемология, Логика, Математика, Тіл философиясы, Ғылым философиясы, Этика, Дін |
Негізгі пікірі | |
Ықпал еткендер | |
Ықпалды жалғастырушылар |
Докинз, Витгенштейн, Айер, Карнап, Гедель, Поппер, Куайн, Чомски |
Сыйақылары |
Әдебиет саласында Нобель сыйлығы (1950) |
Марапаттары |
Де Морган медалі (1932) |
Қолтаңбасы |
Бертран Рассел (18 мамыр 1872, Треллек, Монмутшир графтығы, Уэльс - 2 ақпан 1970, Пенриндайдрайт, Гуинет графтығы, Уэльс) — ағылшынның көрнекті философы, логигі, қоғам қайраткері.
Расселдің матем. логика мен қатынастар логикасы жөніндегі еңбектері логик. ғылымға енген зор үлес болды. Рассел қазіргі заманғы логикалық символиканың тілін жасауда қыруар еңбек сіңірді, пікірді есептеу теориясы мен кластар теориясын бір ізге келтіріп, баянды етті. Ол А. Уайтхедпен бірге үш томдық үлкен еңбек жазып, математикалық логиканы пікірлерді есептеу және предикаттарды есептеу аксиоматикалау және формалдау тәсілімен дамытады. Ол жаратылыстанудың философиясы мәселелері жайында көптеген еңбектер жазды. Ол философия өзінің зерттейтін мәселелерін жаратылыстанудан табады, философияның міндеті — жаратылыстанудың принциптері мен ұғымдарын талдап түсіндіру деп санады. Рассел ағылшын неореализмі мен неопозитивизмінің негізін салушы. Ол “Герман социал-демократиясы” кітабында марксизмді ғылым емес, дін деп айыптап, саяси идеалдар жеке адам мүддесі тұрғысынан шешілуге тиіс деп санады. Саясат адамға қызмет жасауға тиісті. Саяси және әлеум. ин-ттар адамдардың игілігіне қызмет жасауымен ғана бағалы деп білді. Р-дің пікірінше, адам сезімдік мәліметтермен айналысады. Адамның сезетіні — “факт” немесе “фактілер” агрегаты. Фактіні ол физикалық та, психикалық та емес, бейтарап деп санады. Таным теориясында Рассел материалистік бейнелеу теориясын мойындамай, оның орнына скептицизм философиясын ұсынды. Ол — бейбітшілікті сақтау жөніндегі Нобель сыйл-ның лауреаты. Соғысқа қарсы болып, адамгершілік пен гуманизмді насихаттауға қызмет етті.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақша энциклопедия 7 том.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |