Василий Иосифович Сталин
Василий Иосифович Сталин (груз. ვასილი იოსების სტალინი, 1962 жылдың 9 қаңтарынан бастап — Джугашвили (груз. ჯუღაშვილი)[1]; 24 наурыз 1921 жыл, Мәскеу, РКФСР— 19 наурыз 1962, Қазан, РКФСР, КСРО) — кеңестік әскери ұшқыш, авиация генерал-лейтенанты. Мәскеудің әскери округының ВВС басқарушысы (1948— 1952). Иосиф Виссарионович Сталинның кенже ұлы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Василий Сталин 1921 жылы 24 наурызда Мәскеуде РСФСР инспекциясының шаруалық және РСФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссары Иосиф Сталин мен оның екінші жұбайы — Надежда Аллилуеваның отбасында дүниеге келген. Василийдың Светлана Аллилуева (1926 туған) есімді қарындасы және әкесінің бірінші жұбайынан туған Яков Джугашвили (1907 туған) есімді ағасы болған. Василий әкесі Сталинның асырап алған баласы Артём Сергеевпен бірге тәрбиеленген. Василий Мәскеудің 25-ші білім беру мектебінде білім алған. 1932 жылы 9 қарашада Василийдың анасы Надежда Аллилуева өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Анасын жерлеу кезінде 11 жасар Василий әкесін қолынан келгенше жұбатты (кугерлердің айтуынша әкесі анасын қатты жақсы көргені соншалық, мәйіттің соңынан қалмай жылаған көрінеді). Ал басқа бір куә болған адамдардың сөзінше Сталин жерлеу рәсіміне мүлдем келмеген.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 100 великих тайн советской эпохи. В послевоенное время. Последний вираж лётчика Сталина, стр. 340—343 ISBN 978-5-9533-6008-1
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Vasily Dzhugashvili |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |