Галлуазит
Навигацияға өту
Іздеуге өту
ГАЛЛУАЗИТ, энделлит – силикаттар класының минералы. Хим. формуласы Al4[Sі4O10](OH)8•4H2O. Минералды ашқан Бельгия геологы д’Аллуаның есімімен аталған. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Жасырын кристалды агрегаттар түрінде кездеседі. Түсі ақ, сарғыш, күңгірт. Қатт. 1 – 2, менш. салм. құрамындағы су мөлшеріне байланысты 2,0 – 2,6 г/см3 аралығында. Ұзақ уақыт сақтауға келмейді, су молекулалары жойылып, метагаллуазитке ауысады. Экзогендік ортада, габбро, базальт, т.б. тау жыныстары мен никель, мырыш кендерінің бұзылу-тозу белдемдерінде түзіледі. Керамикалық шикізат, катализатор дайындауда және толтырғыш ретінде пайдаланылады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |