Дейксис

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дейксис (көне грекше: δεῖξις - көрсету) — лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы білдірілетін тілдік бірліктердің мағынасын не кызметін көрсету. Дейксис сөйлеу кезіндегі жағдайды айқындауға қызмет етеді. Дейксис әнгімеге қатысушыларды (сөйлеуші мен тындаушыны) көрсетеді де, оны есімдіктер арқылы білдіреді (1, 2 жақ: мен, сен, менің, сенің), сөйлеу объектісін көрсетеді (есімдіктің 3-жағы), сөз болып отырған объектінің қашықтық мөлшерін сілтеу есімдіктері арқылы (мынау, анау, міне) білдіреді. Дейксистің қызметін лексикалық тіл бірліктері мен грамматикалық категориялар атқара алады. Сөйтіп, Дейксистің көрсету қызметі әдетте есімдіктермен байланысты болып келеді.[1][2]

Тағы қараныз:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3