Егор Яковлевич Каппель

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Егор Яковлевич Каппель (24.11.1957 жыл, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Оксановка) - Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты. Неміс.

  • Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген (1980), инженер-құрылысшы.
  • Институтты бітіргеннен кейін Ақмола облысы Вишнёвка ауданының «Вячеславский» совхозында аға прораб болып жұмыс істеген.
  • 11986 -1990 жж. - Целиноград облысы Вишневск аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
  • 1990 - 1995 жж. - Ақмола облысы Вишнёвка ауданы «Анар» совхозының директоры.
  • 1995 - 2004 жж. - Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі.
  • 2004 - 2007 жж. - Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі.
  • 2007- 2011 жж. - IV сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.
  • 2012 жылдың қаңтар айынан бастап V сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, «ҚХА» депутаттық тобының мүшесі.

«Құрмет» орденімен (2004); II дәрежелі «Достық» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астана» (1998), «Тыңға 50 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғысының, «Аптын Барыс» төс белгісінің иегері (1998).

Әскери атағы - запастағы майор.

  • Анасы - Каппель Анна Ивановна, зейнеткер.
  • Үйленген. Жұбайы - Каппель Татьяна Борисовна.
  • Ұлдары - Евгений (1978), Ақмола облысының АІІБ бастығы: Юрий (1980), ҚР көлік және коммуникация министрлігі басқармасының бастығы;
  • қызы - Оксана (1984).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2