Елизавета Стюарт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Елизавета Стюарт
Elizabeth Stuart
Елизавета Стюарт

Елизавета Стюарт
Елизавета Стюарт
Лауазымы
Ту
Ту
Чехия патшайымы
4 қараша 1619 жыл — 13 қараша 1620 жыл
Тәж кигізу жорасы 4 қараша 1619
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 19 тамыз 1596 (1596-08-19)
Қайтыс болуы 13 ақпан 1662 (1662-02-13) (65 жас)
Әкесі Яков I
Анасы Анна Датская
Жұбайы Фридрих V
Балалары Ұлдары: Фридрих Генрих, Руперт Пфальцский, Мориц, Людвиг, Эдвард Пфальцский, Иоганн Филипп Фридрих, Густав Адольф;
Қыздары: Элизабет, Луиза Голландина, Генриетта Мария, Шарлотта, София Ганноверская

Елизавета Стюарт (ағыл. Elizabeth Stuart; 19 тамыз 159613 ақпан 1662) – Стюарт әулетінен шыққан ағылшын және шотланд ханшайымы, 1714 жылы Стюарттардың орнына ағылшын тағына отырған Георгтың әжесі.

Елизавета Шотландия патшасы және 1603 жылдан бастап Англия патшасының VI (I) Яковтың және оның әйелі Анна Датскаяның үлкен қызы. Ханшайымның кіші інісі І Карл 1625 жылы ағылшын және шотланд тағының мұрагері атанды.

1605 жылы көтерілісшілер Англиядағы католицизмді жаңғырту үшін І Яковты өлтіріп, оның орнына ағылшын тағына оның тоғыз жасар қызын Елизаветаны отырғызбақшы болды. Бірақ қастандықты ашып, көтерісшілердің бәрін өлтірген.

1613 жылы Елизавета Стюарт курфюст V Пфальц Фридрихке тұрмысқа шығады. Олардың неке тойында Уильям Шекспир өзінің жаңа «Дауыл» пьесасын көрсетті.

Бұл неке XVII—XVIII ғасырдағы Еуропадағы халықаралық қарым-қатынасында маңызды рөл атқаратын Англия мен протестант Германия одағының  негізін қалады.

 Богемия патшайымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1619 жылы Фридрих Чехия патшасы болып тағайындалды. Бұл отыз жылдық соғысқа әкеліп соқты. Елизавета Стюарт 7 қарашада 1619 жылы тәж кию жорасында Богемия патшайымы атанды. Фридрихтың Чихиядағы басқаруы көпке созылған жоқ. 1620 жылы Ақ таудағы шайқастан кейін Фридрих қуылған болатын.  Бұл аз уақыт ішінде Елизавета Стюартқа «Қыс патшайымы» деген лақап ат берілді.

Көптеген шайқастардан кейін Фридрих пен Елизавета Гаагаға көшеді. Сол жерде бұрынғы Чехия патшасы 1632 жылы қайтыс болады. І Карл Людвиг әкесінің орнына таққа отырса да, анасы, Елизавета Стюарт Голландияда қалады.

Стюарт әулетінің жаңғыртуынан 1660 жылы Елизавета Лондонға оралады, ал 1662 жылы  ол сол жерде қайтыс болады.

  • Фридрих V, Пфальц курфюсті (1613) 
  • Фридрих Генрих (1614—1629)
  • Карл I Людвиг (1617—1680), 1648 жылдан бастап Пфальц курфюсті.
  • Елизавета (1618—1680)
  • Руперт, герцог Камберленд (1619—1682)
  • Мориц (1620—1654)
  • Луиза Голландина (1622—1709)
  • Людвиг (1624—1625)
  • Эдвард Пфальцский (1625—1663)
  • Генриетта Мария (1626—1651)
  • Иоганн Филипп Фридрих (1627—1650)
  • Шарлотта (1628—1631)
  • София (1630—1714),
  • Густав Адольф (1632—1651)