Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ермұхамет Ертісбаев
Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев
Ертісбаев 2022 жылы
Лауазымы
Қазақстан Халық партиясының төрағасы
27 наурыз 2022 жыл
Ізашары Айқын Қоңыров
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі
Ту
Ту
12 мамыр 2008 жыл
Ту
Ту
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Ту
Ту
28 наурыз 2006 — 12 мамыр 2008
Ізашары лауазым құрылды; Қазақстан Мәдениет, ақпарат және спорт министрі ретінде өзі
Ізбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед
Ту
Ту
Мәдениет, ақпарат және спорт Министрі
Ту
Ту
18 қаңтар — 28 наурыз 2006
Ізашары Есетжан Қосубаев
Ізбасары лауазым ыдырады; Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрі ретінде өзі
Өмірбаяны
Партиясы ҚХП (2022–)
Аманат (2007–2022)
ҚСП (1991–2007)
ҚКП (1991 бұрын)
Діні атеизм
Дүниеге келуі 19 қазан 1956 (1956-10-19) (68 жас)
Қарағанды, Қазақ КСР, КСРО
Жұбайы Людмила Анатольевна Ертісбаева (1957)
Балалары Қабиден Шыңғыс Ермұхаметұлы (1985)

Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев (19 қазан 1956, Қарағанды) — Қазақстан саясаткері, дипломат, 2022 жылдан бастап ҚХП төрағасы. Бұдан бұрын ол Қазақстанның Беларуське (2017–2019) және Грузияға (2013–2017) елшісі болған.

Қысқаша өмірбаяны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1956 ж. қарашаның 19-ында туған. Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. [1][2][3]

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Ағылшын тілін меңгерген.

Жұмыс тәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет өтеген. Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болып қызмет атқарған, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болған. Бірнеше монографиялар мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы.

1990—1994 жылдары Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

1994—1998 жылдары Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды.

1994–1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі

1998—2002 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі.

2006—2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

2008 жылы мамыр айынан 2013 жылға дейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі.

2013 жылдың 3-ші сәуірі мен 2017 жыл, қарашаның 24-і аралығында Ертісбаев Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған.

24 қараша 2017 — 12 тамыз 2019 жылдары аралығында Қазақстанның Беларусьтағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019 жылы өзінің дипломатиялық жұмысын аяқтады. 18 наурыз күні 2022 жылы Ертісбаевтың Қазақстан халық партиясы құрамына кіргені белгілі болды. 28 наурыз күні партия Ермұхамет Ертісбаевты партия төрағасы болып сайлады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Яһуда Амандықов = Орта жүздің Ноқта ағасы Тарақты шежіресі — Алматы: Комплекс, 2009. — 1120 б. — 2000 таралым. — ISBN 965-611-88-2.
  2. ЕЛ ТАРИХЫ еріккеннің еңбегі емес немесе Тарақты тайпасы туралы шындық неге бұрмаланды?  (ағыл.) (1 July 2010).
  3. Тарақты тайпасы туралы ақиқат (ru-RU) (26 сәуір 2016).

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]