Жылғалықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Caddisflies
Қазбалық ауқымы: Triassic–Recent

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Arthropoda
Табы: Insecta
Ұлы сабы: Amphiesmenoptera
Сабы: Trichoptera
Kirby, 1813
Suborders
A.
Жылғалықтар.

ЖЫЛҒАЛЫҚТАР, қылшық қанаттылар (Trichoptera) – жәндіктер класының бір отряды. Дене тұрқы 0,5 – 3 см. Жарғақ қанаттарын түк басқан. Мұртшалары талшық тәрізді. Ауыз аппараты жұмсақ, біршама редукцияланған (тарихи даму кезінде қандай да бір органның жойылуы не жетілмей қалуы), сұйық заттарды жалап қоректенуге бейімделген. Жер шарында кең таралған 3 мыңдай (кейбір мәліметтерде 7 мыңдай) түрі бар. Ересек жәндіктер су жағалауларында тіршілік етеді, көбінесе ымыртта және түнде ұшады. Толық түрлену (метаморфоза) жолымен дамиды. Жұмыртқаларын (300-ден 1000-ға дейін) суға салады. Дернәсілі, көбінесе суда құмнан, қиыршықтастардан немесе өсімдік қалдықтарынан, пішіні әр түрлі қуыс үйшіктер (сілекей бездері бөліп шығаратын жіпшелердің көмегімен желімденген) құрып тіршілік етеді. Кейбіреулерінің үйшіктері жіпшелерден ғана тоқылады. Олар су түбінде баяу жорғалап қозғалып, үйшіктерін өздерімен бірге сүйретіп те жүреді. Өсімдік қалдықтарымен және өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Қозғалмалы қуыршақтары да үйшік ішінде дамиды. Бірқатар түрлерінің дернәсілі жыртқыш келеді. Олар үйшік тоқымай, суда шапшаң қозғалып тіршілік етеді. Жылғалықтардың кейбір түрлерінің дернәсілі қауға, қапшық, түтік тәріздес ау тоқып, соған түскен майда омыртқасыз жануарлармен және балдырлармен қоректенеді. Дернәсілі таза, оттекке бай, ағынды суларда ғана тіршілік ететіндіктен, Жылғалықтар су сапасының жоғары екендігін көрсететін биол. индикатор болып есептеледі. Олар оттегіне бай, таза ағынды сулардағы балықтардың қорегі болып та есептеледі. Кейбір азиялық түрлері күріш егісіне зиянын тигізеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Қазақ Энциклопедиясы"