Келес

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Келес
Ең алып келес кесірткесі
Ең алып келес кесірткесі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Кесірткелер
Табы: Келестәрізділер
Тұқымдасы: Келес кесіртке
Тегі: Келес кесірткесі
Екі-есімді атауы
"Varanus niloticus

Келес кесірткесі немесе Варандар (лат. Varanus) — Бауырымен жорғалаушылар класының Кесірткелер отрядының ішіндегі жыртқыштар тобына жататын Келес кесіртке тұқымдасының аттас тегі. Олар Африканың, Азияның, Австралияның субтропикалық, тропикалық аймақтарында кеңінен таралған жыртқыш.

Негізгі сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Келес кесіртке кесірткелердің варандар тұқымдасына жататын Орта Азия мен Қазақстанда таралған ең ірі кесіртке. Оның дене тұрқының ұзындығы 150- 170-см, салмағы 2,5- 3кг жетеді. Келес кесірткесінің денесінің бұлшық еттері өте жақсы жетілген, аяқтарындағы 5 саусақтары ұзын, ұшында ішке қарай иілген тырнақтары болады. Мойны жуан. Терісін қаптап тұратын қабыршақтарын сыртынан айналдыра ұсақ қабыршақтар сақина тәрізді қоршап тұрады. Басы көп қырлы қалқаншалармен қапталған. Құрсақ жағындағы төрт қырлы қалқаншалары көлденеңінен орналасқан. Көз қарашығы үлкен, қозғалмалы қабақтары болады. Құлақ тесігі ылғи да ашық жатады. Аузындағы тілінің ұшы жыланның тіліне ұқсас екі айыр. Тістері өткір, түскен тісінің орнына жаңа тіс шығады. Реңі онша ашық емес, көбінесе құмға ұқсас сұр түсті.

Тіршілік етуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Келес кесіртке Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Қызылқұм мен Сырдария өзенінің өң жағалауындағы шөлді аумақтарда кездеседі, бірақ саны аз. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Өте жылдам жүгіре алады. Үш жылда жыныстық жетіледі. Жылына бір рет 20- дай жұмыртқа салып көбейтеді. Биылғы салған жұмыртқадан келесі жылы көктемде жас ұрпақтары тіршілік ете бастайды. Келес кесіртке көбінесе ұсақ жорғалаушылармен, кемірушілермен, құс жұмыртқаларымен, балапандармен қоректенеді, кейде жәндіктерді де қорек етеді. Келес кесіртке өте сирек кездесетіндіктен, әрі саны аз болғандықтан Халықаралық табиғат қорғау одағының (МСОП) және Қазақстанның Қызыл кітабына (2008) тіркелген.

Варандар тұқымдасының ең үлкен түрі - Комодо келесі деп аталады. Бұл түрді ғалымдар 1912 жылы Индонезияның Малай топаралына жататын Комодо, Рнджа, Падар, Флорес аралдарынан табылды. Оның денесінің ұзындығы 3- 4м, салмағы 150- 250кг. жетеді. Ол жақсы жетілген құйрығының көмегімен жабайы бұғыларды, шошқаларды соғып өлтіре алады. Саны сирек болғандықтан МСОП-тың Қызыл кітабына тіркелген. Варандар тұқымдасының ең кішкентай түрі- қысқа құйрықты варан деп аталады. Оның денесінің ұзындығы 20см- дей.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]