Лактоферрин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Лактоферрин - жан-жануарлардың гендiк жүйесiн бiртiндеп жетiлдiру арқылы адамның өсiп-қалыптасуына аса қажеттi материал. Табиғатта лактоферрин ананың сүтiнде ғана кездеседi екен. Ол – дүниеге жаңа келген сәбилердiң организміндегі қорғаныстық қабiлетiн қалыптастыратын шешушi элемент екендiгi белгiлi.

Лактоферрин адам баласы дүниеге келген сәттен бастап организмнің бактериялар мен түрлi вирустардан, терiнiң қышымасынан, ауа райының өзгерiстерiнен, түрлi жараның өршуiнен сақтандырады. Жалпы, алғашқы кезеңдегi адам организмінің қорғаныс қабiлетiн қалыптастыра отырып, жан мен дененi түрлi табиғат құбылыстарына, қоршаған ортаның ауытқуларына қарсы тұруға әзiрлейдi. Бұған қоса, лактоферрин адамның организміндегі iсiк жасушаларын да жойып жiберетiндей керемет қабiлетке ие. Лактоферриннiң 1 грамы дүниежүзiлiк дәрi-дәрмек нарығында 3 мың АҚШ долларына бағаланады. Жалпы, жылына дүниежүзiнде лактоферринге деген сұранымды қанағаттандыру үшiн 6 миллиард АҚШ доллары қажет екендiгiн ғылымдар есептеп те қойды.

Қазiргi кезеңде балаларды бiрыңғай ана сүтiмен қоректендiру мүмкiн еместiгi байқалды. Оның себебi көп. Ең қорқыныштысы кейбiр елдерде ана сүтiмен бiрге балаларға ВИЧ, «В» гепатитiнiң вирустарының жұғатыны байқалуда. Не iстеу керек? Ананың сүтiн айырбастайтын табиғи лактоферриндi көбiрек өндiру қажет. Ол әрi дәрi, әрi тамақ ретiнде жас организмнің өсiп-жетiлуiне көмектеседi. Осы жерде үй жануарлары сиыр мен ешкi өзара «жарысқа» түсетiн секiлдi. Ғалымдар әуелгiде лактоферриндi сиырдан алу үшiн оған гендiк жүйемен «түзетулер» енгiзiп көрген. Бiрақ, сиырдың сүтiндегi ақуыз барлық сәбилерге бiрдей жарамды еместiгi анықталынған. Бұдан кейiн, адамның генiн ешкiге енгiзу жөнiндегi батыл идеялар жүзеге асырылады. Мiне, осылайша ешкi сүтiнде аса бағалы әрi адамға өте пайдалы белок пайда болды. Жалпы, қай халық болмасын, ешкi сүтiнiң маңызды, пайдалы екендiгiн ертеден пайымдаған. Ендi мiне, гендiк жүйесi өзгертiлiнген ешкiнiң сүтiнен лактоферрин шығарылуда. Бұл үшiн адамның ДНК (тұқым қуалау кодының ұзақ мерзiмдiк молекуласы) жүйесiнiң бiр жапырағы бөлiнiп алынады. Ресей Ғылым академиясының биология институтының ғалымдары одан лактоферриннiң генiн бөлектеп, оны ешкiнiң генiне орналастырған. Қазiргi уақытта ресейлiк ғалымдар осындай 8 бағыт бойынша генетикалық құрылымдар жасаудың жолдарын қарастыруда. Бұл жерде шешек-ата тұқымының өсiмталдығы, сиырға қарағанда икемдiлiгi мен төзiмдiлiгi, тез өсiп-өнетiнi жетекшi орын алады. Оған қоса, ешкiлер жылына екi рет лақтайды. Әр маусымда бiр ешкi шамамен мың литр сүт бередi. Сиырларға аусыл, буруцуллез, туберкулез, құтырма секiлдi аурулар үйiрсек келедi. Бұл жағынан алғанда ешкi малы мұндай ауруларға қарсы тұратын мықты иммунитеттi бойларына қалыптастырған. Олар сиыр секiлдi мәпелеп бағуды, күндiз-түнi қарап, күтiм жасауды талап етпейдi.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]