Мазмұнға өту

Малахит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Malachite

Malachite from the Congo
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы Cu2CO3(OH)2
Strunz classification 05.BA.10
Ерекшеліктері
Молярлық массасы 221.1 g/mol
Түсі Bright green, dark green, blackish green, commonly banded in masses; green to yellowish green in transmitted light
Кристал пішіні Massive, botryoidal, stalactitic, crystals are acicular to tabular prismatic
Сингониясы Monoclinic—prismatic H-M Symbol (2/m) Space group P21/a
Twinning Common as contact or penetration twins on {100} and {201}. Polysynthetic twinning also present.
Үгітіндісі Perfect on {201} fair on {010}
Агреттары Subconchoidal to uneven
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 3.5–4.0
Streak light green
Diaphaneity Translucent to opaque
Үлес салмағы 3.6–4
Оптикалық сипаты Biaxial (–)
Refractive index nα = 1.655 nβ = 1.875 nγ = 1.909
Birefringence δ = 0.254
Дереккөздер [1][2][3]

Малахит (гр. malacheмальва, өсімдік түсіндей жасыл жапыраққа ұқсастығымен аталған) — минерал, карбонаттар класына жатады. Химиялық формуласы Cu2[CO3](ОН)2, CuO — 71,9% (Cu — 57,4%), СО2 — 19,9%, Н2О — 8,2%, аз мөлшерде СаО, Fe2O3, SіO2, т.б. кездеседі. малахиттің түсі ашық жасыл, көгілдір жасыл, қою жасыл, қаттылығы 3,5 — 4,0, сынғыш, тығыздығы 3900 — 4100 кг/м3. Малахит табиғатта ірі мыс кендерінің жер бетіне жақын тотық қабаттарында болады. Үлкен шоғырлы жиынтықтары (50 т-ға дейін) сирек кездеседі, олар негізінен 18 — 19 ғасырларда Ресейде (Төменгі Тагил|Төменгі Тагил аймағында), Чилиде өндірілген. Түрлі зергерлік және әшекейлік көркем бұйымдар жасауда қолданылады.[4] Ұсақталған түрлерінен бояу, тотық минералдарымен аралас бөлшектерінен мыс өндіріледі. Қазақстанда Қоңырат, Жезқазған, т.б. мыс кендерінің тотық қабаттарында өндірілген ірі малахит бөлшектерінің эталондары Геологиялық ғылымдар институтында сақталған.

[5]

Малахит галлереясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Malachite in Handbook of Mineralogy
  2. Malachite at Webmineral
  3. Malachite at Mindat
  4. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
  5. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том