Метр (музыка)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Метр (айрық) деген бетті қараңыз.

Метр (гр. metron – өлшем) — музыкада күшті және әлсіз дыбыстардың алмасып келу тәртібі, ырғақ түзу жүйесі. Бір тегеурінді үлестен екінші тегеурінді үлеске дейінгі аралық Метрдің негізгі тактісін құрайды.

Тактідегі дыбыстар үлесінің уақыттық арақатынасын анықтау арқылы ырғақтық жүйе белгілі болады. Метр осы уақыттық арақатынастың өлшемі іспетті. Метрлік өлшем дыбыстардың жүйелі түрде алмасуын есептеуге мүмкіндік береді. Такт ішіндегі үлес санының жүйелі не жүйесіз есебіне қарай: жай метр, күрделі метр, аралас метр түрлері кездеседі. Өлшемдер екі сандық таңбамен белгіленеді – жоғарғы таңба тактідегі үлестің санын білдірсе, төменгісі үлестің ырғақтық мағынасын білдіреді. Мысалы, жай өлшемдер былайша белгіленеді: күрделі екі үлесті – күрделі үш үлесті – т.б. Кейбір музыка жанрлары белгілі бір метрді талап етеді. Мысалы, вальс – 3 үлесті, марш – 2 немесе 4 үлесті өлшемде жазылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 (ISBN 9965-26-095-8)