Орал қаласы орталық мешіті
Координаттар: 51°13′03″ с. е. 51°23′03″ ш. б. / 51.21750° с. е. 51.38417° ш. б. (G) (O) (Я)
Орал қаласы орталық мешіті – Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 92.
Кезеңі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2005 жыл.
Мешіт сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мешіттің ғимараты үш қабаттан тұрады. Жалпы ауданы 1170 шаршы м-ді құрайды. Ғибадат залының биіктігі 11 м, күмбездің құрылымы сегізбұрыш пішіндегі Германияда өндірілген шыныдан тұрады. Әйелдер залының биіктігі 20 м. Сыйымдылығы 1800 адам. Биіктігі 41 м екі мұнара мешітті безендіріп тұрады. Кешеннің жалпы ауданы 0,5989 га алады. Мешіттің басты залының үстіндегі күмбез Италияда өндірілген витраждардан жиналған, кілемдері Франциядан әкелінген, негізгі фрагменттерін әрлеу кезінде кеңінен қолданылған ақ мрамор Қытайдан әкелінген. Жылдың салқын маусымында мешітті еденнің жылытуы кіретін жылыту жүйесі қосылады.
Мешіттің жалпы сыйымдылығы біруақытта 1800 адам.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9