Паналау ғимараттары
Паналау ғимараттары (орыс. Убежище) — адамдарды жаппай қырыпжоятын қарулардың барлық түрлерінен сақтау үшін ағаштан, бетоннан, темірбетоннан немесе тастан арнайы салынған инженерлік кұрылыс. Паналау ғимараттары сүзгі, желдеткішпен жабдықталады және ешбір санылаусыз болады да, онда паналаған адамдар ядролық жарылыс зақымынан қорғалады. Елді мекенді жерлерде жасырынуга подвалдар пайдаланылады. Әскерлерді ұрыста сақтау үшін паналау орындары взводтың, ротаның, артиллерия командаларының бақылау және дәрігерлік пункттерінде қазылған шүнқырларда ұйымдастырылады. Паналау ғимараттарының үстіндегі топырақтын қалындығы 150 см, жер астындағы үңгірлердегі Паналау ғимараттарының үстіндегі топырақтың қалындығы 4 м болуы тиіс. Дала жағдайларында паналау ғимараттары 20—30 адамға арналып салынады. [1]
Паналау ғимараттарының желдеткіші
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Паналау ғимаратында тазартылған ауаның берілуі мен бірдей мөлшерде бөлінуін және онда паналаушышар болған барлық уақыт ішінде температуралык-ылғалдық режіммен ауаның құрамының қалыпты сакталуын қамтамасыз ететін желдету жүйелері (вентиляция) орнатылады. Желдету жүйесі, әдетте, екі режімде жобаланады. Олар: таза желдету (I режім) және сүзіп желдету (II режім). I режім кезінде паналау ғимаратына тозаңнан тазартылған сырттағы ауаның берілуі, оның қажетті алмасуы қамтамасыз етілуге тиіс. II режім жағдайында сыртқы ауаны газ тектес заттардан, аэрозольдер мен тозаңнан тазарту көзделеді.
I режім бойынша паналау ғимараттарына сырттан берілетін ауа мөлшері оның температурасына, ылғалдылығына байланысты белгіленеді, ол бір паналаушыға шаққанда I режім бойынша 13 м3/сағ., II режімде 8 м3/сағ. болуы керек. Желдету жүйесіне мыналар кіреді: бөлек ауа жинау және айдау арналары, кеңейткіш камералы жарылысқа қарсы кұрылғылар, сүзгі-сорғыш, электрлі қол желдеткіштері, ауа жолдарының тарату жүйесі, ауа өткізбейтін клапандар, регенерация құралдары, жылу жиналатын сүзгілер, артық қысым клапандары, бақылау аспаптары кіреді. Жерге жақын ауаның зиянды заттармен, жанған өнімдермен газдануы мүмкін жерлерде паналау ғимараттары ішіндегі ауаны регенерациялаған (III режім) жөн. Радиациядан қорғайтын паналар орнатьшады немесе ауа механикалық амалмен тазартылады, оның ауаны сүзу коэффициенті 0,8-ден кем болмауы керек.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |