Рекордшы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Рекордшы, спорттың белгілі бір түрінен ең үздік нәтиже көрсеткен спортшы. Рекорд уақыт, салмақ, қашықтық өлшемімен және үпай санымен өлшенеді. Мысалы: коньки, жеңіл атлетиканың жеке қашықтарында уақыт, ал көпсайыста ұпай есептелінеді. Әлемдік, олимпиялық, аймақтық (жеке құрлықтардағы үздік нәтижелер), ұлттық жеке және командалық рекордтар болады. Қазақстанда аумақтық (аудан, облыс, республикалық) рекордтар тіркелген. Қазақстан спортшылары да көптеген құрлықтық, әлемдің рекордтар жасады. Мысалы, 2009 ж. Оңтүстік Кореяда өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында республиканың өкілі С.Подобедова бірден 3 әлемдік рекордты жаңартты. 2012 жылы Лондон жазғы олипиадасында Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова әлемдік рекордты жаңартты. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3