Саба (арал)
Саба нидер. Saba | |||||
| |||||
Әнұран: «Himno di Saba» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 10 қазан 2010 | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | нидерланд тілі, Ағылшын тілі | ||||
Елорда | Боттом | ||||
Ірі қаласы | Уиндвардсайд | ||||
Үкімет түрі | Конституциялық монархия | ||||
Король Губернатор Премьер-министр |
Виллем-Александр Фриц Гудгедраг Михель Герит Счетл | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
21 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2010) • Тығыздығы |
1991 адам 153,15 адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
Валютасы | АҚШ доллары | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Телефон коды | +599 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC-4 |
Саба (нидер. Saba) - Кіші Антил аралдары архипелагінің құрамына кіретін Кариб теңізіндегі арал. Нидерландтың тәуелді аймағы.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арал Синт-Мартен аралының оңтүстік-батыс жағынан 45 км қашықтықта, Синт-Эстатиус аралының батыс жағынан 32 км қашықтықта орналасқан. Аумағы - 13 км².
Негізінде арал су астындағы Маунт-Сценери жанартауының төбесі болып табылады. Биіктігі - 890 м. Аралдың батыс жағы жылы бойы желдің өтінде болады. Сол себепті табиғаты селдір, фаунасы кедей болып келеді. Аралдың бұл жағында кактустар мен құрғап қалған бұталар сирек кездеседі. Керсінше аралдың шығыс жағы қарама-қарсы контраст көрсетеді: тау етектерінде қалың ормандарда алуан түрлі қырыққұлақтар, пальмалар, қызыл талдар, олеандр, гибискус және орхидеялар өседі. Орманды 60-таң астам құстар түрлері, бірнеше түр кесіртке мен бақалар паналайды.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аралдың тұрғын саны - 1991 адам (2013)[1][2]. Ірі қалалары - Боттом (әкімшілік орталығы) және Уиндвардсайд (ең ірі қала), ресми тілі - Нидерланд тілі, ағылшын тілі де кең тараған.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Табыстың негізгі көзі - туризм (аралға жылына 25 мың турист келеді).
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Боттом
-
Маунт-Сценери тауынан көрініс