Тикрит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тикрит қаласы (Ирак) – Ирактың солтүстігіндегі Тигр өзенінің бойындағы қала [1].

Халық саны 28 900 адам (2002 жылғы халық санағы бойынша). Қала Саддам Хуссейн мен Саладиннің туған қаласы ретінде танымал. Тикрит – жиырма ғасырлық тарихы бар қала. Біздің заманымызға дейінгі 615 жылы Вавилон патшасы Набопаласар Ашшурға шабуыл жасаған кезде осы аймақты паналаған болатын. Осы кезден бастап қала жайындағы деректер ежелгі ескерткіштерде кездесе бастайды. 1137 жылы қалада аты аңызға айналған Саладин қолбасшы туған. Соның құрметіне провинцияның аты «Салах-ад-Дин» деп қойылған. 14 ғасырда моңғолдар қаланы басып алып қиратады. 2003 жылдың 13 сәуірде қала шайқассыз АҚШ әскеріне беріледі. Америка әскері Бағдатты жаулап алғаннан кейін Саддам Хуссейн Тикритке қашып келеді. Оны қалаға жақын жерде туысқандары мен жақтастары жасырған. Саддам Хуссейнді 2003 жылдың 13 желтоқсанында «Қызыл Таң» операциясы кезінде тұтқынға алды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B8%D0%BA%D1%80%D0%B8%D1%82