Тиксотропия
Тиксотропия (грек. thіxіs – жанасу және trope – бұрылыс, өзгеру) – механикалық әсер етуден бұзылған дисперсті жүйелердің алғашқы құрылысының қайта қалпына келу қабілеттілігі. Гелдерді, жағылмаларды (мазь), пасталарды, суспензияларды, т.б. коагуляциялы дисперсті қосылыстарды жеткілікті қарқынмен сілкігенде олар бастапқы қоюлық күйлерінен сұйықтық күйге ауысады. Ал мех. әсер тоқтағанда бастапқы қоюлық күйіне қайта ауысады. Қосылыстардың тиксотропты қайта пайда болуы – механикалық қайтымды изотерм. процесс. Осы процесс бірнеше рет қайталана алады. Тиксотропияның кең көлемді түсінігі – тұтқыр аққыш немесе пластик. жүйелер өздерінің физикалық табиғатына тәуелсіз өзгеруінің нәтижесінде бұрынғы қарқынды (анық) тұтқырлықтарының уақытша төмендеуі болады. Тиксотропия материалдары жағылмалар, гелдер, суспензиялар, пасталар алу технологиясында қолданылады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 8 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |