Традесканция
Традесканция | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
75 түрі белгілі |
Традесканция (лат. Tradescantia) – коммелиналар тұқымдасына жататын, мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық шөптесін өсімдік. Отаны — Америка. Оның бірнеше түрі өсіріледі, бұлардың жапырақтары көк болып келеді де, сабақтары тік немесе жайылып өседі. Жапырағының формасы жұмыртқа тәрізді сопақша болады. Сабағы жайылып өсетін традесканцияны және ол тектес коммелинаны аспалы өсімдіктер сияқты бөлмеле өсіреді. Традесканция жылы бөлмеле де, салқын бөлмеле де жақсы өседі. Бұл өсімдіктерді ең жарық жерге қойған жөн. Жаз айларында жиірек, ал қыста көп суармау керек. Традесканцияны көктемнен күзге дейін бірнеше данадан отырғызып көбейтеді. Оны жапырақ араластырған қара-шірікке отырғызады. Өсімдік тез тамырлануы үшін оның бетін жауып көлеңке түсіреді. Бұдан кейін өсімдікті қайта отырғызудың қажеті жоқ.[1]
Традесканцияның отаны – Солтүстік Америка. Ол ерекше күтімді талап етпейтін үй гүлі ретінде танымал. Гүлдің атауы атақты саяхатшы Традесканттың құрметіне қойылған. XVII ғасырда саяхатшы осы гүлге ең бірінші болып сипаттама берген екен. Жапырақтары жұмыртқа пішіндес, қысқа сабақты. Гүлдері ақ түсті, үй жағдайында сирек гүл жарады. Гүлдері бір күн ғана гүлдеп тұрады. 30-дан астам түрлері бар. Сабақтары ұзын, шырмауық тәрізді болғандықтан көбінесе аспалы түбектерге отырғызылады. Тез өседі. Сондықтан жылына бір рет түбегі мен топырағын ауыстырып тұру керек.
Жарығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жарық сүйгіш өсімдік. Тіке түскен күн сәулесіне төзімді.
Жылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Температураның бірқалыпты болуын ұнатады. Қыс айларында 10-12°C төмен болмағаны абзал.
Суғарылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көктемнен күзге дейін мол суғару керек. Қыста аз суғарылады, дегенмен топырағының үнемі ылғалды болуын қамтамасыз ету керек.
Ылғалдылығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Су бүрку арқылы ылғалдандырып және жапырағын шаңнан тазалап отыру керек. Құрғақ ауада нашар өседі.
Қоректендірілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Наурыздан тамыз айына дейін әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен екі аптада бір рет қоректендіру қажет.
Аурулары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауа қатты құрғап кетсе өрмекші, кене секілді зиянкестердің әсерінен ауырады.
Көбейтілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалемше арқылы оңай көбейтіледі. Қалемшесі бір-екі аптада жақсы тамырланып кетеді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |