Тұрмыс
Тұрмыс - өндірістік, қоғамдықаласысаяси іс-әрекеттен тыс, адамдардың тіршілік қажеттілігін қамтамасыз ететін материалдық және мәдени жағдай. Адамдардың табиғи (ас, киім, баспана, денсаулық) және мөдени құндылықтарды игеруі, демалу, басқалармен араласу сияқты қажеттіліктерін жүзеге асыруы үшін қажетті сала. Тұрмыс күнделікті өмір. Тұрмыс қоғамдық өмірдің басқа салаларына да өсер етеді. Мысалы, еңбек процесі, адамдардың көңіл-күйі мен мінез-кұлықтары.
Адамның тіршілік қажеттілігінің ең бастылары
- тамақ
- киім-кешек
- тұрғын үй
- демалыс
- көңіл көтеру
- денсаулық сақтау болса, осылардың қамтамасыз етілуі үшін тұрмыстық қызмет саласы дамуы керек.
Тұрмыс әлеуметтік өмірдің барлық салаларына, әсіресе, адамдардың
- еңбек етуіне
- көңіл-күйіне
- мінез-құлқына
- рухани ізденісіне айтарлықтай ықпал етеді.
Әлеуметтік жағдай өз кезегінде қоғамдағы тұрақтылыққа, адамдардың жан-жақты рухани дамуына әсер етеді. Қоғамның тарихи даму барысында және ғылыми-техниканың дамудың әсерімен тұрмыстың құрылымдық және жеке салаларының да айтарлықтай өзгерісін көреміз. Жаһандану дәуірінде тұрмыс ұлттар мен ұлыстардың әдет-ғұрпын, дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін сақтап, дамытуға кеңістік беретін бірден-бір сала болып табылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамына тән өзіндік ерекшеліктерді сақтау үшін, тұрмыстық қажеттіліктерді тікелей қамтамасыз ететін өндіріс салаларының ұлттық мәдениет пен өнерден тамыр тартқаны абзал. Этно-педагогика “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген қағидаға сүйенер болса, болашақ ұрпақты елдік дәстүр, мемлекетшілдік, отаншылдық рухында тәрбиелеу үшін, тұрмыста ұлттық нақышқа ие тұрмыстық заттарды қолданудың маңызы зор.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|