Уикипедия:Администраторларды сайлау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

АдминистраторларАдминистраторларды сайлауАдминистратор құқығынан айыруАдминистраторлар форумыБітікшілерБітікшілерді сайлауБітікші құқынан айыруСайлау ережелері

Қазір қазақ бөлімінде 15 админ бар. Егер сіз админ болғыңыз келсе үміткерлігіңізді осында ұсыныңыз. Ең аз талаптар төменде көрсетілген.

Талаптар

Администраторларды сайлау ережелеріне сәйкес үміткерге қойылатын талаптар:

Уикипедияда тіркелген уақыты: кем дегенде 6 ай

Өңдеулер саны: кем дегенде 1500

Соңғы 3 айда үздіксіз және белсенді болу керек, яғни өңдеулер жасап отыруы қажет.

Админ құқықтарының қажеттілігін көрсетуі керек (бұл мәртебені қандай мақсатта қолданатынын жазып кеткені жөн)

Өзі жазған мақалалары болуы керек (мысалдар).

Көмекші құралдар мен басқа да материалдарды аударуға және талқылауларға белсенді түрде араласып отыруы қажет.

Дауыс берушіге қойылатын талап:

Уикипедияда тіркелген уақыты: кем дегенде 2 ай

Өңдеулер саны: кем дегенде 100

Дауыс санына тиісті талаптар:

Қолдаушы дауыстың жалпы үлесі: кем дегенде 75%

Дауыс саны: кем дегенде 15 дауыс

Дауыс берушілерге: Дауыс беру кезінде үміткердің Уикипедияның ережелерін жетік білуі, тарихында бұзақылық әрекет байқалуы/байқалмауы ескерілу қажет. Егер қарсы болсаңыз себебін жаза кеткен жөн.