Уикипедия:Өңдеменің түйіндемесі
Мақала өңдеген кезіңізде беттің төменгі жағында, дәл өңдеу аймағының астында "Өңдеу түйіндемесі" деген алаңшаны көресіз.
Осы түйіндеме алаңшасын толтыруыңызды ерекше ұсыныс етеміз. Себебі бұл өзіңізге және басқа үлескер жолдастарыңызға бетте ненің өзгертілгенін түсінуге және бет тарихын көруге өте қолайлы болады.
Өңдеу түйіндемесін жазу
Түйіндеме алаңшасын үнемі толтырып отырыңыз. Бұл маңызды қағида ретінде саналады. Түйіндемеңіз қысқа болса да, ештеңе жазбағаныңыздан тәуір болады. Егер бір мәтінді өшірген болсаңыз тіпті маңызды болады; бұлай істемеген жағдайда басқаларға өңдеуіңізді білдірмей жасағыңыз келгендей көрінеді. Егер бір түзетуіңізге тиісті мәндеме қалдырып, басқаларын елемей кетсеңіз, бір түзету басқасынан маңызды деген түсінбеушілік пайда болуы мүмкін; сондықтан басқа түзетулеріңізге "және т.б." деп жазып кетіңіз.
Дәл берілген түйіндемелер басқаларға өңдеуіңізді тексеру қажеті бар-жоғын шешуге көмек етеді. Тәжірбие көрсететіндей, дұрыс түйіндеме сол сала мамандарының қызығушылығын тудыруы сирек емес. Шағын түзету жағдайында түйіндеу қажеттілігі тумаса да, "қате басылған" деп қалдырсаңыз да жақсы болар еді.
Түйіндеу алаңшасы 200 қаріпті 1 жол сиғызады. Егер бұдан асатын мағлұмат енгізсеңіз, тек бірінші 200 таңба ғана көрсетіліп, қалғаны алып тасталынады. Мысалы, 195 таңбалы түйіндеменің аяғына тағы 10 қаріп қосуыңыз, сол онның бірінші 5-і ғана енгізіліп, қалған бесін алып тасталынады.
Егер мақалаға тек кішкентай толықтырма жасаған болсаңыз, сол толықтырманың бүкіл мәтінін түйіндеме алаңшасына қосуыңызға болады. Түйіндеме басында "б.м." деп екі әріп қалдырсаңыз, басқаларға бұл "бүкіл мәтіні" болғанын білдіреді (басқа қысқармалар үшін осы беттің Қысқармалар бөлімін қараңыз). Осылай, басқа оқырмандар үшін тікелей түзетуіңізді көрмей-ақ бүкіл мәліметті түйіндемеден алуын қамтамасыз етесіз. Бұл сияқты өңдеулер Арнайы:Жуықтағы өзгерістер, Бет тарихы және Қатысушы үлесі (төменде қараңыз) беттерін қарау тиімділігін арттырады, және де серверлерге жолығу санын кемітеді.
Егер толықтырмаңыз 200 қаріптен асып, түйіндеме алаңшасына симай тұрса, жасаған өзгертулеріңізді қысқаша түйіндеп беруіңіз керек болады. Егер, айталық, 400 қаріпке жуық түзету жасағаныңыз жағдайда, барлық 400-ін түйіндеме алаңшасына енгізіп, уақытыңызды сақтай аласыз. 200 қаріптен асатыны алып тасталынса да, бірінші 200-і долаң "түйіндеме" ретінде қабыл етілуі тиіс.
Өкінішке орай түзету жолағынан түйіндеме алаңшасына тек бір жолды ғана көшіре аласыз. Қалған жолдардың мазмұнын соның аяғына қоюыңызға болады.
Түйіндеме алаңшасы өзгертудің түйіндемесіне қоса өзгертудің түсініктемесін қамти алады; түзету себебі анық болмаған жағдайда, әсіресе бір мәтіннің өшірілуі бар болса, түзетудің қайтарылуы өте ықтимал екенін ескертіп өтеміз. Ұзынырақ түсініктеме бергеніңіз келсе, өндеу түйіндемесінде "Талқылауды қара" деп, Талқылау бетін пайдаланыңыз.
Бетті сақтағаннан кейін, түйіндемені өңдеу мүмкін емес - сондықтан теру барысында қате жібермеуге тырысайық.
Егер өндеу түйіндемесінде тым маңызды қате не кемістік жіберіп қалсаңыз, түйіндемеңізді дұрыстау үшін бос түзету жасауыңызға болады.
Өңдеу түйіндемелері көрінетін жерлер
Өңдеу түйіндемесі келесі жерлерде қиғаш мәтінмен көрсетіледі:
- Бет тарихы - өңдеген бетіңізде болған бүкіл өзгертулер тізімі
- Қатысушы үлесі - қатысушының барлық өңдемелерінің тізімі
- Бақылау тізімі* - бақылау тізіміндегі жуықтағы өзгерістер (тек кірген қатысушылар үшін)
- Нұсқалар айырмашылықтарында - екі түзету арасындағы айырманы көрсетеді
- Жуықтағы өзгерістер* - бүкіл жуықта жасалған өзгерістер тізімі
- Уикипедиа IRC каналдары* - нақты уақыт тәртіптемесінде берілетін барлық түзетулер тізімі
- Қатысты өзгерістер* - өңдеген бетіңізге сілтейтін беттердегі жуықта болған түзетулер
- Жаңа беттер тізімі: бетті жасау кезінде берілген өңдеу түйіндемелерін көрсетеді.
* Бұл соңғы түзетудің өңдеу түйіндемесін көрсетеді. Әдетте оқырман мақалаға тиісті жуықта болған барлық түзетулермен өндеу түйіндемелеріне қызығушылық білдіргесін, бұл сипаттар бет тарихына байланысты беріліп тұр.
Қысқармалар
Өңдеу түйіндемелерінде қолданылатын қысқармалар тізімін Өндеу түйіндеме қысқармалары бетінен қараңыз.
Іздеу
Уикимедия іздеу функциялары өңдеу түйіндемелерін іздей алмайды және бұлар сыртқы іздеу құралдарымен саналмайды.
Файл жүктеу түйіндемесі
|