Халиде Эдиб Адывар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Халиде Эдип

Адывар (осман: خالده اديب اديوار)  Халиде Эдип (1883- 09.01.1964) - түрік жазушысы.
"Савие Талиб" (1909), "Ханда" (1912), "Соңғы шығарма" (1912) атты әуелгі романдарында әйел бейнесін ұнамды каһарман етіп, алғаш рет түрік әдебиетіне еңгізді, асыл жанды, рухы күшті әйелдердің жарқын бейнесін жасады.
"Жаңа Тұран" (1912) романында реакциялық пантуркизм идеясын көтереді. Түріктің ұлт-азаттық күресіне (1919-22) тікелей қатысқан. Адывар таңдаулы шығармаларында "Тауға шыққан қасқыр" әңгімелер жинағы (1922), "Отты көйлек" (1922), "Құртыңдар көзін сайқалдың" (1926) романдары] сол күресті бейнеледі.
"Татар қызы" (1939) романында Түркияның экономикалық, әлеуметтік дамуындағы "ерекше" жолын дәріптейді, Кеңес Одағына жала жабады.
Соңғы туындылары - "Айналма айна" (1954), өмірбаяндық "Шырмауықты үй" (1963) романдары
Адывар шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998