Ци
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Ци кей кезде чи (қыт. дәст. 氣, жең. 气, пиньинь: qì; жапондық нұсқасы – ки жап. 気 ki, кейде кэ; ағылш. Qi немесе ch’i) – қытайлық философияның басты категориясы. Қытайлық мәдениеттің берік түрі. Соның ішінде дәстүрлі қытайлық медицина үшін де.
Көбінесе «пневма», «эфир», «ауа», «тыныс», «энергия», «өмірлік күш» секілді анықталады. Йи берік, континуалды, динамикалық, кеңдік-уақытша, рухани-материалды және ақтық-энергетикалық субстанция идеясын білдіреді. Ол жер жүзі жасаудың негізінде жатыр. Ол жерде барлығы оның түр өзерісінің және қозғалысының арқасында бар. Қарама-қарсы түсінігі ли болып табылады.
Түсіну деңгейінің үш мағынасын бөлу міндетті – ғарышнамалық (ци бүкіл әлемнің әмбебап субстанциясы секілді), антропологиялық (йи қан айналымымен байланысты адамның денесің толықтырғышы секілді) және психологиялық (йи психикалық орталық немесе «жүрек» секілді – ерік әсерінде және сезімді реттеуде орналасқан синь). Барлық қытайлық философияның жалпысы циді сапасыз заттек («Маңызды бастама») ретінде қарау болып табылады. Бүкіл әлемнің дамуының бірінші фазасына жарамды. Осы заттектің дифференциациясы инь және ян түрінде болған. Сонымен қатар, бес элементтің (у син).
Категорияда философиялық дәстүрдің батысында тура аналог жоқ.
Түсініктің тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қытайлық қайнар көздегі анықтама
Го Юй Чжоу
夫天地之气,不失其序;若过其序,民乱之也。
- Аспан және жердің циі өзінің реттілігін бұзбау қажет. Егер реттілік сақталмаса, халықта дау-дамайға алып келеді – аударма М.В. Крюков.
Нэйцзин
«Трактат о внутреннемде» («Нэйцзин») айтылған:
- «Ауру бұзылуы еңетін жерде,айқын,цидің кемшілігі бар».
- «Қорғайтын күштер бар жерге ауру бұзылуы кірмейді».
Неоконфуцийшілік
Неоконфуцийшіліктің негізін қалаушы Чжу Си (1130-1200) ци түсінігінің таралуына айтарлықтай әсерін қалдырды. Қытайлық ойдың тарихында Чжу Си екінші (Конфуцийден кейін) фигура болып саналады. Оның оқытуына байланысты айналадағы барлық нақты ци және ли безендіреді. Лиді (немесе дао) дамдар және заттар дүниеге келген кезде алады. Ли заттардың табиғатын білдіреді. Ци оларға өмірдің демін жұтқызады. Ци – табиғаттың өзінің тынысы, бар болған барлық заттың күшінің бұлағы. Ци инь және янмен бірдей деп саналады. Цидің дұрыс айналмасы үйлесімді жасайды. Керісінше, цидің жетіспеушілігі әр түрлі қозғалыстың бұлағаның тоқтатылуына алып келеді. Адам ағзасында цидің дұрыс айналмасы табыс және денсаулықты қамтамасыз етеді. Ал цидің жетіспеушілігі аурулар мен өлімге алып келеді.
Қытайлық медицинадағы цидің категориясы
Дәстүрлі қытайлық медицинада «ци» термині кез келген субстанцияға белгілене алады. Субстанциялар ағзаның өмірлік іс әрекетінде немесе мүше мен тіннің қызметтің белсенділігінде қатысады. Дем жұтқан ауа да ци деп аталады. Әр түрлі аңсарларда цидің қозғалысы басы мен аяғы жоқ қозғалысқа лайықтанады. Сонымен бірге оның айналма заңдарын ешкімге бұзуға болмайды.
Ци адамның ішімен қозғалып, оның қалың мүшелері чжан мен қуыс мүшелері фуды жылытады. Ал сыртынан поралар арқылы теріні дымдайды. Осылайша, айналманың барлық түрлері түтікше, бүйір байланыс, түтіктің әр түрлі түрлерімен жасалады. Иньдік түтікшелер бес мүше-қойма чжанды азықтандырады. Ал яндық түтікшелер алты мүше-чертог фуды азықтандырады.
Меридианның әсерінен Ци айналмасын өзгертуге болады деп саналады. Осылайша ол адамның денесінде физиологиялық өзгерістерді алып келеді. Осындай түрдегі көрсетулер акупунктура және жауынгер шеберлігінде көп қолданысқа ие. Көрсетулер замандас ғылымда сын объектісі болып табылады.
Ци ұғымы фэн-шуйға негіз болады. Сонымен қатар, адамның денесінің қытайлық сауығу жүйесінің қатарына.
Ци түрі
- Чжэн-ци (кейбірде шэн ци) 正气) – цидің нағыз, дұрыс түрі; табиғаттың тынысы.
- Юань-ци (元氣 yuánqì, 元气) – бастапқы ци (мұрагерлік энергия).
- Се-йи (кейбірде ша ци) (邪氣 xiéqì, 邪气) – зарарлы энергия, қатерлі тыныс.
- Қызу.
- Суықтық.
- Дымдылық.
- Жел.
Кеберсушілік.
Басқа мәдениеттердегі ұқсас ұғымдар
«Прана» (өмір тынысы) ұғымы ци (шэн ци) ұғымына ұқсас үнді мәдениетте бар. Батыс философиясында пневма (ежелгі грек медицинасында, стоицизмде, ерте христиан философиясында) Energeia Аристотельде ұғымындарына жақын ұғымдар болған. Мағынасы бойынша ұқсас ұғым Élan vital (өмірлік белсенділік, күш) Бергсонның философиясында бар.
Жапондық мәдениеттегі ки
Ци ұғымы жапондық Ки ұғымына ұқсас. Ол жауынгерлік өнерде құрама бөлігі болып табылады: айкидо (合気道), кико, киайдзюцу және т.б. Бұл маңызды жапондық рух бусидоның және жапондық дәстүрлі медицинаның құрамдас бөлігі болған. Рэйктер саусақ тәсілі сиацуды пайдаланып, емделушінің денесіне Ки энергиясының ағынын бағыттайды.
Жапондық эзотериялық философиясы Кидің сегіз түрін шығарады:
- Кэкки (жап. 血気, қан ки) – түпті, тіршілік Ки. Оны қан символымен көрсетеді. Цигунде оған цзинь-ци жанасады. Бірінші қуаттық орталықтың энергиясы.
- Сиокэ (жап. 塩気, тұз ки) – биоэнергия, биоплазма энергиясы, денелік құрылым береді. Оны қандағы тұз («сио» тұз мағынасын білдіреді) символымен көрсетеді. Екінші қуаттық орталықтың энергиясы.
- Мидзукэ (жап. 水気, су ки) – судың энергиясы («мидзу»), сексуалды энергия, тұқымның энергиясы. Ол да екінші қуаттық орталықтың энергиясы.
- Куки (жап. 空気 ку:ки, ауа ки) – еріктің энергиясы, жаңқалау, бұзу, тудыру қабілеттілігі. Үшінші қуаттық орталықтың энергиясы.
- Дэнки (жап. 電気, күн күркіреу ки) – қоғамдық-құру күші. Төртінші қуаттық орталықтың энергиясы.
- ·Дзики (жап. 磁気, магнит ки) – магниттік энергия. Күштерді, жасампаз энергияны, сұлулық күшін, эстетиканы жинайды. Бесінші қуаттық орталықтың энергиясы.
- Рэйки (жап. 霊気, рух ки) – синергия, рухтық немесе ғарыштық энергия. Рэйки-дағдыны Ақ от немесе Жарық деп қабылдайды. Алтыншы және жетінші қуаттық орталықтың энергиясы.
- Синки (жап. 神気, ками ки) – діни энергия. 神 иероглифынан көре аламыз. «Син» - Ками – Құдай.
Айки мен киайды бөлек қараған жөн.
- Айки (жап. 合気, бірігу ки) – бірігу (гармония) энергиясы, Ки энергиясын қолдану амалы. Айкидода көп қолданысқа ие. Жаудың энергиясын басқару тәсілі.
- Киай (жап. 気合, кездесу ки) – дыбыстың (жауынгерлік айқай) энергиясын қолдану өнері. Жаудың кэмпоға әсері. Ки-кода емделу. Өзіне немесе басқаларға сюгэндо, ниндзюцу, ки-кода сиқыршылық әсері.
Нью-эйдждегі ци ұғымы
Нью-эйдж қозғалысында ци ұғымы танымал болды. Басқа мәдениеттермен көптеген ұқсастықтар табылды. Ци энергиясын «таба, бөле, басқаша ойлай» бастады.
Цидің «энергия» немесе «күш» ретінде замандас көрсетілуі.
Тұстас әлемде аз емес оқу мен тәжірибе кеңейген. «Ци энергиясы» материалды объект, «өмірлік энергияның» немесе «күштің» қандай да бір түрі ретінде көрсетіледі. Оны алдап-арбауға болады. Осындай амал заманауи батыспен сынға алынады. Сонымен қатар, қытайлық философия және ғылыммен. Заманауи ғылым энергия түрінің бар болуын мойындамай отыр.
Қытайлық философияда «күш», «энергия» талдамалы ұғымдар жоқ.
Қызықты мәліметтер
«Ци» терминінің құрметіне сымсыз электронды азықтандыру құрылғысын атады. Ағылшын транскрипциясынан – Qi.