Шалқан
Шалқан (Brassіs rapa) — орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік туысы; көкөніс дақылы. Жеуге жарамды тамыржемісі ақ немесе сары түсті болады.[1]
Бірінші жылы жапырағы мен етжеңді тамыр жемісі жетіледі, екінші жылы гүлдейді және тұқым береді. Гүлшоғыры қалқанша тәрізді, түсі қызғылт сары, сарғыш. Жемісі — сопақша келген бұршаққын. Шалқан жәндіктер арқылы айқас тозаңданады, суыққа төзімді, ылғал сүйгіш өсімдік. 12 — 20°С темп-рада жақсы өседі. Вегетациялық дәуірі 60 — 85 тәулік. Тамыржемісінде 8,5 — 16,9% құрғақ зат (оның жартысы қант), 22 — 73 мг% С, В1, В2 витамині, каротин, қыша майы, тағы басқа болады. Шалқанды жастай, пісіріп, қуырып тағамға пайдаланылады. Шалқанның Петровский-Қ, Майская, Желтая зеленоголовая-172, Миланская белая красноголовая-283 сорттары аудандастырылған. Шалқан саздақ және құмды топырақта жақсы өседі. Тұқымын көктемде себеді. Егістіктің әр гектарын 10 — 15 кг фосфорлы және калийлі тыңайтқыштармен үстеп қоректендіреді. Шалқанның әр гектарынан 150-ден 350 ц-ге дейін өнім жиналады.[2]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |