Шапито
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Шапито,шапито циркі - негізінен, цирк ойын-сауығына арналған театр ғимаратының бір түрі. Шапитоның ортасына манеж (ойын-сауық алаңы), ал оның айналасына көрермендер орны орналасады. Ол әдетте түрғызылған діңгек-тіреулердің үстіңгі жағын брезентгіен жапқан жиналмалы шатыр түрінде болып келеді. 19 ғ-дың ортасында ойын-сауықтар көрсеткен Париждің Елисей алаңындағы цирк ғимараты шапитоға ұқсас болды. Ресейде салынған алғашқы шапито циркі Мәскеу қаласында тұрғызылды. Бұдан кейін Америка мен Орталық Еуропа елдерінде шапито кең өріс алды. КСРО-да шапитоны көбіне көшпелі цирктер пайдаланды. Ресейдің Самара, Воронеж, Ялта қалаларында тұрақты ойын-сауық көрсететін шапитолар тұрғызылды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |