Ыдыс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ыдыс , тара – тауарларды сақтауға‚ буып-түюге, орауға, тоғанақтауға және тасымалдауға арналған сыйымдылық. Оның құны тауардың құнына кіреді. Алайда көп айналымды (қайтарылма) ыдыс дейтін де болады. Құжаттарды және ыдыс айналымының телімін ресімдеу кезінде мәміле жасау барысында төленген құн салығының бір бөлігін қайтаруға болады. Ас-су құйуға арналған, ішіне нәрсе салынатын тұрмысқа қажетті бұйымдарды, жалпы алғанда, осылай атаймыз. «Сервант ішіндегі ыдыстар да көз жауын алады» (М. Сқақбаев, Сұлутөр.). Тілдегі сөздер тарихын, төркінін іздестіруде тосын жайттарға тап болу таңдандырмаса керек. Қоғам дамуымен қоса тіл де дамып, оның құрамындағы жеке сөздердің мағыналарына да жаңалық кіріп, өзгеріп отырады. Сондай сөздердің бірі — ыдыс.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6

Қазақ энциклопедиясы, 9 т.