Эмансипация
Эмансипация (фр. émancipation, лат. ēmancipātiō) – 1) тәуелділіктен, бағыныштылықтан, езілуден, соқыр сенімнен босату, арылту; 2) азаматтық құқықта – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді толық әрекет қабілеттілігі бар деп тану.
Егер 16 жасқа толған азамат еңбек шарты негізінде немесе ата-анасының, бала қылып алушысының келісімімен жұмыс істейтін болса, онда оны қорғаушы және қамқоршы органдардың шешімімен толық әрекет қабілеттілігі бар деп тануға болады. Эмансипация ата-аналарының, бала қылып алушылардың келісімімен жүргізіледі, ал олар болмаған жағдайда соттың келісімі керек болады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]<references>
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том