Мазмұнға өту

Эмболия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әсемдік мақсаттарда енгізілген силиконның өкпеде эмболия тудыруы

Эмболия (Еmboloia - ішке тарту) — қан мен лимфада бірге айналып жүрген, бірақ қалыпты жағдайда кездеспейтін бөлшектердің болуы және олардың тамыр өзегін бітеп тастауы.[1]

Бұл аурудың даму себептеріне белгілі бір заттың бөлшектерінің қан ағысымен жылжып келе жатып, бір жерді бітеп қалуы жатады. Осыдан соң қантамыры бітеліп, қан жүрмей қалады және бұл бүкіл қан циркуляциясын бұзады. Бұл ауру қауіптілер қатарына жатады, себебі адам өліп кетуі мүмкін. Қантамырын бітеп қалатын бөлшектерге бекіген жерінен үзілген тромб түгелдей немесе оның кішкентай бөлігі жатуы мүмкін. Сонымен қатар эмболдар (яғни, эмболияны тудыратын бөлшектер) атеромалық бөлшектерден, холестериннің кристалдары мен жілік кемігі бөлшектерінен түзілуі мүмкін. Егер дәрілік заттардың көмегімен қан ұйындыларын еріту мүмкін болмаса, хирургиялық ем қажеттігі туындайды.

Эмболияның жіктелуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бүйректің қатерлі ісігіне нефроэктомия жасаудан кейін қалыптасқан бөгде зат. Микросуретте ісік жасушалары жоқ

Шығу тегіне қарай

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ағу бағытына қарай

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орналасқан жеріне қарай

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Кіші қанайналым шеңберінің эмболиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өкпе артерияларының эмболиясы. Өкпе артерияларының эмболиясы кезінде олардың ішіндегі рецепторлардың қоздырылуынан жүйкелік-рефлекстік жолмен денедегі шеткері тамырлардың кеңуіне әкелетіні байқалған. Бұл рефлекстің белгілі бір мөлшерде қорғаныштық маңызы бар. Осы рефлекс бойынша өкпеге келетін қанның мөлшері шектеледі. Содан өкпенің ісініп кетуінен сақтандырады. Бірақ өкпеде газдардың алмасуы бұзылғандықтан жүрек етінің гипоксиясы дамып, оның жиырылғыштық қызметі әлсірейді, артериялық қысым қатты төмендейді де, коллапс дамиды. Кіші қанайналым шеңбері тамырларында эмбол тұрып қалғанда, өкпе артериолаларының рефлекстік жиырылуы болады, өкпе артерияларында қан қысымы көтеріледі. Бұл өз алдына оң жақ жүректің қызметін ауырлатады, қуыс және т.б. көктамырларда қанның іркілуіне әкеліп соғады.

Үлкен қанайналым шеңберінің эмболиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлкен қанайналым шеңберінің эмболиясына сол жүрек ішіндегі (тромбэндокардит, миокард инфаркті) және артериялардың ішіндегі құрылған тромбтар, газ немесе май эмболиялары жиі әкеледі. Бұл эмболдар жүрек артерияларында, ми, бүйрек, көкбауыр т.б. ағзалардың тамырларында жиі кездеседі.

Қақпа көктамырының эмболиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қақпа көктамырының эмболиясы сирек кездеседі. Бұл көктамырдың эмболмен бітелуі іш қуысындағы ағзалардың (асқазан, ішектер, көкбауыр) тамырларында қанның іркілуіне алып келеді. Осыдан іш шемені, іш терісінің астындағы көктамырлардың кеңуі ("медуза басы"), қан қысымының көтерілуіне алып келеді. Көп қанның, шамамен айналымдағы қанның 90 пайызға жуығы іш қуысы ағзаларының көктамырларында жиналып қалуынан, жалпы айналымдағы қан көлемі азаяды, артериялық қысым төмендейді, тыныс алу бұзылады, естен тану, тыныстық және тамыр қозғалтқыш орталықтарының салдануы байқалады, осыдан организмнің жан тапсыруы болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
  2. Патофизиология - Ә.Нұрмұхамбетұлы, Алматы, 2011 жыл