Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасыҚазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым.[1]

Ұлттық палатаның Төралқа төрағасы және Басқарма төрағасының міндетін атқарушы - Райымбек Әнуарұлы Баталов.

Ұлттық палата Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 897 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңын негізге ала отырып «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бірлесіп коммерциялық емес ұйымы құрды[2].

Ұлттық палатаның басқару органдары:

  • съезд – жоғары басқару органы;
  • төралқа – басқару органы;
  • басқарма – атқарушы орган;
  • тексеру комиссиясы – қаржылық-бақылау органы.

Өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары:

  • өңірлік кеңес – байқаушы орган;
  • дирекция – өңірлік палатаның атқарушы органы;
  • директор – өңірлік палаталар филиалдарының атқарушы органы.

Ұлттық палатаның төралқасы 51 мүшеден тұрады және оны төраға басқарады.

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің үш өкілінен;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің он алты депутаты мен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінен;
  • аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтарының (одақтарының) он алты өкілінен;
  • өңірлік кеңестердің он алты төрағасынан қалыптастырылады.

Ұлттық палата басқармасы оның қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады.

  • Басқарма съезге және төралқаға есеп береді. Басқарма мүшелерінің өкілеттік мерзімін және сандық құрамын съезд бекітеді.
  • Басқарманың құрамы бес мүшеден кем болмауға тиіс. Басқарманы төраға басқарады.
  • Басқарманың төрағасы мен мүшелерін төралқа сайлайды.

Өңірлік кеңес

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өңірлік кеңес өңірлік палатаның бақылаушы органы болып табылады және съезд әрбір облыс,республикалық маңызы бар қала және астана үшін саралап белгілеген квота шегінде кәсіпкерлік субъектілерінің делегаттарынан, сондай-ақ қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерінен қалыптастырылады.

Өңірлік кеңес делегаттары төрт жыл мерзімге тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Кәсіпкерлік субъектісінің тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында мемлекеттік тіркелуі, сондай-ақ оның филиалының есептік тіркелуі фактісі оны нақты сайлау учаскесінде дауыс беретін мүшелер тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Өңірлік кеңес міндеттері:

  • өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі;
  • басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі;
  • съезге делегаттар сайлайды;
  • өңірлік палата және өңірлік палаталардың филиалдары қызметінің шеңберінде Ұлттық палатаның міндеттерді орындау барысын және мақсаттарға қол жеткізуін бақылайды;
  • өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторлары мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз етеді;
  • съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • өңірлік палаталар мен өңірлік палаталардың филиалдары басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келіседі;
  • кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді;
  • өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешеді.
  • Өңірлік кеңестің мүшелері өңірлік палаталардың басқару органдарынан және олардың филиалдарынан, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпарат сұратуға құқылы.
  • Өңірлік кеңестің шешімдері өңірлік кеңес отырысына қатысатын мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру болып табылады.

Ұлттық палатаның міндеттері:

  • кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;
  • кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
  • кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.

аумақтық деңгейде:

  • облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі – өңірлік палаталар);
  • өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік қауымдастықтары (одақтары);
  • өңірлік палаталарда аккредиттелген облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар);
  • өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы қауымдастықтар (одақтар);

қалалық және аудандық деңгейлерде:

  • тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары (бұдан әрі – өңірлік палаталардың филиалдары);

Төралқа төрағалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тимур Құлыбаев (9 қыркүйек 2013 — 17 қаңтар 2022)
  2. Райымбек Баталов (18 ақпан 2022 бастап)

Басқарма төрағалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абылай Мырзахметов (9 қыркүйек 2013 — 18 ақпан 2022)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 897 қаулысы
  3. []