Ұрық көпіршігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ұрық көпіршігі (зародышевый бластодермический пузырек, бластоциста); (blastocysts, грек, blastos — бастама, cystis — көпіршік) — бөлшектену кезеңі нәтижесінде түзілетін іші қуыс сүтқоректілер ұрығы. Ұрық көпіршігінің сыртқы қоректендіруші қабығын (трофобластты) ұсақ, ашық түсті бластомерлер түзеді. ірі күңгірт бластомерлер оның ішіндегі ұрық түйінін (эмбриобласты) құрайды. Трофобласттың негізгі қызметі — ұрықты алғашқы тәуліктерде жатыр сөлімен қоректендіру және оны жатыр қабырғасымен байланыстыру. Эмбриобласттан ұрықтың денесі және оның ұрықтантыс мүшелері дамиды. Трофобласт жатыр безі сөліндегі қоректік заттарды сініріп,ұрық көпіршігі қуысына жинап, қоректік заттар қорын түзеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9