Мазмұнға өту

Airbus A380

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Aibus A380
Singapore Airlines әуе компаниясының A380 ұшағы
Singapore Airlines әуе компаниясының A380 ұшағы
Түрі

кеңфюзеляжды реактивті жолаушы ұшағы

Жобалаушысы

Airbus S.A.S.

Өндірушісі

Airbus S.A.S.

Мемлекеті

Халықаралық

Алғашқы ұшуы

2005 жыл 27 сәуір

Қолданысқа енгізілуі

2007 жыл 27 қазан

Статусы

Қолданыста

Өндіріс жылдары

2004 - қазіргі кез

Өндірілген бірліктері

176 (2015 жыл қараша)[1]

Жобалау бағдарламасы құны

12 млрд €

Бірлігінің құны

$ 389,9 млн[2]

Aibus A380 Ортаққорда

Airbus A380Airbus S.A.S. консорциумы жасап шығарған кеңфюзеляжды екі палубалы төрт қозғалтқышты турбореактивті жолаушы ұшағы. Әлемдегі ең үлкен жолаушы ұшағы. Алғашқыда A3XX атауымен белгілі болған бұл ұшақты Airbus консорциумы кең фюзеляжды ұшақтар нарығындағы Boeing компаниясының монополиясын жою үшін жасап шығарды.

Airbus А380 — әлемдегі ең үлкен жолаушы тасымалдайтын ұшақ. Оның ұзындығы — 80,65 м, биіктігі — 24,08 м, қанатының ұзындығы — 79,75 м. Ұшақта 853 жолаушы тасымалдайтын бір класс не 525 орынды үш класс болады. 15 мың километрден де алыс қашықтыққа ешқандай аялдамасыз жеткізе алады.

Ұшақ төрт турбореактивтік қозғалтқышпен жабдықталған әрі олардың екі түрі бар: Engine Alliance GP7000 және Rolls-Royce Trent 900. Ұшақтың салмағы — 280 тонна, ал ұшу кезіндегі максималды салмағы — 560 тонна. Сонымен қатар, жүк тасымалдайтын түрі бар, оның атауы — A380F. Бұл ұшақ 10 мың километр қашықтықта 150 тонна жүкті таси алады.

Ұшақты құрастырып, жабдықтау үшін, шамамен, 12 миллиард еуро жұмсалған. Бұл ұшаққа жұмсалған қаражаттың орнын жабу үшін 420 авиалайнер сату керек екен. Бірақ қазіргі таңда бұл ұшақтың 68 Airbus А380 үлгісі ғана шығарылады.

Алғаш рет 2005 жылы 18 қаңтар күні Тулуза қаласында жарияланған, ал 2005 жылдың 27 сәуірінде аталған қалада тұңғыш рет сынақ ретінде ұшқан.

2007 жылы 15 қазанда Singapore Airlines компаниясы Airbus А380 ұшағына ие болады, сөйтіп 25 қазанда А380 ұшағы алғашқы рет коммерциялық сапар жасады. Сингапурдан сағат 04:16-та (Мәскеу уақыты бойынша) ұшып, 7,5 сағат әуеде шарлап, Сиднейге ешқандай қатерсіз қонады. Бұл сапарда 455 жолаушы, 30 экипаж мүшесі мен төрт ұшқыш болған.

Сапардың ең минималды билет құны 550 АҚШ долларына, ең қымбаты 100 380 АҚШ доллларына сатылған. Бұл ең қымбат билетті – «люкс» классты британдық Джулиан Хейвард сатып алған. 2008 жылы 11 қаңтарда Singapore Airlines компаниясы тағы да екінші А380 лайнеріне ие болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Airbus Orders and Deliveries
  2. 2012 AVERAGE LIST PRICES (mio USD)
  • Мировая Авиация журналы, №1007 файл, 39-парақ, ISSN 2071-1131 (орысша)