Burger King

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Burger King Corporation
Түрі

Жеке компания
Еншілес қоғам

Биржадағы листингі

NASDAQ: BKC

Қызметі

Жылдам тамақтану мейрамханалар

Құрылды

1953 жыл Инста-Бургер Кинг: Джэксонвилл, Флорида, АҚШ
1954 жыл Бургер Кинг:
Майами, Флорида, АҚШ

Бұрынғы атауы

Insta-Burger King

Құрушы

Insta-Burger King:
Кит Дж. Крамер и Мэтью Бернс
Burger King:
Дэвид Эджертон и Джеймс МакЛамор

Орналасуы

 АҚШ: 5505 Blue Lagun Drive, Майами-Дейд округі, Флорида

Басты адамдары

Александер Беринг (RBI төрағасы)
Дэниел с. Шварц (бас директор)
Хосе Э. Сили (президент)
Джошуа Кобза (қаржы директоры)

Саласы

Қоғамдық тамақтандыру

Өнімі

Гамбургерлер,Тауық, Фри картобы, Сергітетін сусындар, Сүт коктейльдері (Милкшейк), Салаттар, Десерттер

Айналым

1,970,000,000 $ (2012.ж)

Операциялық кірісі

363,000,000 $ (2012.ж)

Таза табыс

117,700,000 $ (2012.ж)

Қызметкерлер саны

17,796 (2018)

Басшы компания

Restaurant Brands International

Сайты

bk.com

Бургер- Кинг, Осло, Норвегия

Burger King Corporation — жылдам тамақтандыру мейрамханаларының желісі, американдық компания.

Штаб-пәтері Майамиде, Флорида штатында.

Burger King-нің ең бірінші мейрамханасы ең басында Insta Burger King деп аталып, 1954 жылдың 4 желтоқсанында Майами қаласының қалашығында Джеймсом Макламор мен Дэвид Эджертонмен (екеуі де— Корнельский университетінің түлектері) ашылған болатын. Макламор McDonald's мейрамхана желісіне барып, ол кезде мейрамхана Калифорния штатындағы Сан-Бернардинодағы ағайынды Дик және Мак Макдоналдтардың иелігінде болған еді. Онда ол гамбургерлерді дайындаудың өндірісімен, құрал-жабдықтарымен танысып, фастфуд жүйесінің өзіндік түрін шығарып алғысы келді. 1959 ж. Burger King мейрамханаларының жүйесі Майами мен оның қалашықтарында беске дейін өсті. 1960 ж. Макламор мен Эджертон Burger King жылдам тамақтандыру мейрамханаларын франчайзинг жүйесімен ұлттық деңгейде ұлғайтуды көздейді. Дәл осы уақытта олар Burger King Corporation атауын тіркеп және АҚШ-та жеке кәсіпкерлерге франшизаны сата бастайды. 2006 ж. компания қауымдық болады.

Басшылық және жеке иелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2010 ж. ортасына қарай, компанияның ірі иелері : TGP Capital (структура Texas Pacific Group, 11,1 %), Goldman Sachs (10,3 %). 2010 ж. қыркүйек айында компанияның бөлігін 4 млрд. $-ға 3G Capital (бразильдік инвесторлармен бақыланады) сату жайлы келісімді жариялады. Директорлар кеңесінің төрағасы мен бас басқарушысы - Джон Чидсей (John W. Chidsey).

Дүниежүзінің 75 елінде Burger King-тің 12 мыңнан астам мейрамханасы жұмыс істейді. Олар күнделікті түрде 12 млн. адамға қызмет көрсетуде. Оның 1300-і компанияға, ал қалғандары франчайзинг бойынша жұмыс істейді. Израильде барлық мейрамханалар көшерлік болып келеді. Аустралияда 1996 ж. барлық мейрамханалар соттық істерден кейін жабылып, не болмаса «Hungry Jack’s» атауына өзгерді.

Қызметінің көрсеткіштері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2009 ж. персоналдың саны 38,9 мың адамды қамтыды. 2010 ж. маусымында аяқталған желінің қаржылық жылдан алған табысы 2,5 млрд.$ ( алдыңғы жылдармен салыстырғанда, 2,3%-ға төмендеген), таза табысы - 186,8 млн. $ ( 1%-ға төмендеген) құрайды.

Мейрамхана әрқашан, жас, мақсатты адамдарға толы болады. Burger King-тің өзінің концепциясы да күлкі мен бақытқа сәйке келеді. Алаңғасар Кинг - мекеме символы. Оның көңіл-күйі әрқашанда көтеріңкі және де ол келген қонақтарды ең дәмді деген бургерлер мен позитивті эмоциялармен қарсы алады. Кингтің тағдырлық бұйрықтары оның патшалығын тек отаны АҚШ-та ғана емес, Батыс пен Шығыс Еуропаның барлық қалаларында танымал етті. Ондай бұйрығының біреуі - Burger King-тің тамақтары отта майды қолданусыз пісірілуі керек" деген. Тамақтарды дайындаудың бұл әдісі - вопперлер мен чизбургерлерді, тендеркриспи және нагетсбургерлерді пайдалы және тойымды етеді[1].

Burger King Ресейде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресейдегі ең бірінші мейрамхана желісі 2010 жылдың 20 қаңтарында Метрополис (метро Войковская) ойын-сайық орталығында ашылды. 2011 ж. тамыз айында Ресейде желінің 28 мейрамханасы, оның 22-і Мәскеу мен Мәскеу облысында, ал 6-ы Санкт-Петербургте ашылды.

Burger King-тің ресейлік мейрамханаларына азық-түліктерді тек отандық өндірушілер ғана тасымалдайды. Желінің қазіргі таңда Ресейдегі жабдықтаушылары 30-40 шамасында, оның 50%-нан астамы жергілікті өндіруші болып табылады. Фирмалық гамбургерлердің котлетіне қажетті сиыр етін мысалыға, "Иналко" атты ресейлік компания тасымалдайды. Франчайзтер азық-түліктерді тек сертификацияланған жабдықтаушылардан алуда. Ол тек американдық компаниямен ғана мақұлдануы керек. Burger King-тің франчайза меррамханаларындағы сапаны Еуропа мен АҚШ-та арнайы дайындықты өткен қызметкерлер бақылайды[2].

Бургер-Кинг

Қазіргі заманғы Burger King

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Burger King қазіргі таңда өзінің атын дамыту мақсатында жарнама, сан қилы роликтер түсіруде. Соның бір дәлелі ретінде Burger King-тің "Темный Рыцарь" фильмін дамыту мақсатындағы жұмысын атауға болады. 2010 ж. Burger King-тің ас мәзірінің арасында "Dark Whopper" деп аталатын жаңа тағам түрі пайда болады. Сол кезбен бірдей уақытта компания жарнама түсіріп, оны бүкіл каналдарға таратады. Ол жарнаманың негізгі лозунгы ретінде "Өзіңнің қараңғы бөлігіңді тамақтандыр!" деген сөздер қолданылған[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://menu.ru Мұрағатталған 16 қыркүйектің 2019 жылы.
  2. http://www.interfax.ru
  3. http://www.biztimes.ru