Мазмұнға өту

Counter-Strike

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Counter-Strike

Counter-Strike (ағылшынша: counter-strike — айқаспалы атыс) — бірінші жақ шутер жанрында компьютерлік ойын. 1999 жылы Half Life ойынның модификациясы болып пайда болды.

Counter-Strike — бірнеше пайдаланушылармен немесе боттармен (компьютерлік бағдарлама) бірден ойнай алатын компьютерлік ойын. Ойында екі жақ бар: террористтер (terrorists) және контртеррористтер (counter-terrorists). Ойынның мақсаты — тапсырманы орындау немесе тірі қалып қарсы жақты құрту. Ойын раундтарға бөлінеді. Әр раундтың басында ойыншы өз базасында пайда болып өзіне қару-жарақ, оқ-дәрі сатып алады. Әр ойыншының өз ақшасы бар. Ол ақшаны тапсырмаларын орындап, қарсы жақтың ойыншыларын "өлтіріп" табады.

Тұтқындар

Тапсырмалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ойында карталарға байланысты бірнеше тапсырмалар бар:

  • de (Bomb defuse) — террористтерге — бомбаны жару, контртеррористтерге — зарарсыздандыру
  • cs (Hostage rescue) — контртеррористтерге — тұтқындарды құтқару
  • as (VIP assasination) — контртеррористтерге — белгілі бір адамды өлтіру
  • es (Escape) — қашып кету

Ойын карталар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ойын карта — ол шектелген ойын территориясы. Counter-Strike-та көптеген әр түрлі ойын карталары бар. Олар қазірге дейін жаңадан шығарылады да оларды ойынға қосуға болады.

Қару-жарақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарсы жақтардың қару-жарақ сатып алуға таңдау жинақтығы бөлек, бірақ қару-жарақтардың көбісі бірдей. Мысалы, террористтерге M4A1 және BULLPOP, ал контртеррористтерге CV-47 (АК-47) және KRIEG 552 деген мылтықтарды сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Оларды жымқыруға ғана болады.

Сыртқы түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ойыншы әр жақтың төрт түрлі моделдің бірін таңдай алады. Олар ойын әрекетіне еш әсер етпейді, жалғыз ғана сыртқы түрін айналыста маскировка бойынша қолдануға болады.

Counter-Strike 1.6 бейнесуреті

Ойын талаптары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Киберспорт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл ойын бойынша көптеген турнирлар өткізіледі. Бүкіләлемдік турнирлар да бар. Сондай турнирларда қатысатын командалардың арасында Қазақстанның командалары да бар. Құрамында қазақстандықтар ойнаған командалар Gambit, Avangar, Astana Dragons,Virtus Pro, Syman.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]