I Хуан Карлос
I Хуан Карлос Juan Carlos I | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
22 қараша 1975 жыл — 18 маусым 2014 жыл | |||
Тәж кигізу жорасы | 27 қараша 1975 жыл | ||
Ізашары | Альфонсо XIII | ||
Ізбасары | Филипп VI | ||
Биліктен бас тартуы | 18 маусым 2014 жыл | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | католик | ||
Дүниеге келуі | 5 қаңтар 1938 (86 жас) Рим, Италия патшалығы | ||
Династия | Испан Бурбондары | ||
Әкесі | Хуан, Барселона графы | ||
Анасы | Бурбон-Сицилиялық Мария де лас Мерседес | ||
Жұбайы | София | ||
Балалары | Елена, де Луго герцогинясі Кристина, Пальма-де-Майорк герцогинясі Филипп VI | ||
Әскери қызметі | |||
Құрамында болды | Испания қарулы күштері | ||
Әскер түрі | Әскер Авиация Флот | ||
Атағы | Авиация және Флот әскерінің генерал-капитаны | ||
Басқарды | Испания қарулы күштері | ||
Монограммасы | |||
I Хуан Карлос Ортаққорда | |||
өңдеу |
I Хуан Карлос (ис. Juan Carlos I de Borbón y Borbón-Dos Sicilias (Иоанн Карл I), 5 қаңтар 1938, Рим) - Испания королі, 1975 жылдың 22 қарашасынан Испанияның 17-ші патшасы әрі елдің қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшы]ы, генерал- капитан. Ол Испанияның диктатуралық жүйеден парламенттік демократия жүйесіне көшуі кезеңін сәтті басқарған қайраткер.[1]
Бурбон әулетінен шыққан I Хуан Карлос 1938 жылдың 5 қаңтарында Италияда дүниеге келген.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1975 жылдың 22 қарашасында таққа отырғаннан кейін ол бірден демократиялық реформалар жүргізіп, саяси партияларды заңдастырып, билеуші партия - Испан Фалангасын таратып жіберді.
1977 жылдың 15 маусымында Испания өзінің алғашқы демократиялық сайлауын өткізді.
1978 жылы Испанияның жаңа Конституциясы қабылданды. Бүл конституция бойынша Хуан Карлос тарихи монархияның тақ мұрагері болып жарияланды және азаматтық қүқық пен еркіндікке кепілдік берілді. Сол жылы Хуанның әкесі таққа отыру құқығынан бас тартты. Осыған байланысты әкесінің жақтастары мен өзге әулеттер Хуан Карлосты заңды патша ретінде мойындады.
Провинциялар дербестігін алып, Испания федерация нышанындағы мемлекетке айналды. 972 жылы 33 жастағы Хуан Карлос Мюнхендегі Олимпиада ойындарына желкенді қайық спортымен қатысып, испан экипажының құрамында он бесінші орынға ие болған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ұ 46 Ұлы императорлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”. ISBN 978-9965-26-591-4.