Жебір
Жебір | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
кәдімгі жебір
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||
Thymus vulgaris L. | ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
350 түрі белгілі | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
|
Жебір немесе Жебіршөп (лат. Thymus) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті шала бұталар туысы.
Еуразия және Солтүстік Африканың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 150-дей (кейбір мәліметтерде 400-ге жуық) түрі белгілі. Қазақстанның далалы, жазық жерлерінде, қиыршықтасты тау бөктерлерінде өсетін 27 түрі бар.
Көбірек тарағандары:
- Кәдімгі жебір - лат. Thymus vulgarіs,
- Маршал жебірі - лат. Thymus marschallіanus
- Қызғылт жебір - лат. Thymus roseus.
Биіктігі 1 – 25 см. Сабағы түп жағынан сүректеніп қатайып кеткен. Жапырағы бүтін жиекті, сағақты, кейде сағақсыз. Ұсақ, қызғылт, күлгін кейде ақ түсті гүлдері шоғырбас гүлшоғырын құрайды.
Гүлдері қос жынысты, аталығы – 4, аналығы – біреу, тостағанша жапырағы да, күлте жапырақшасы да – бесеу. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жеміс береді. Гүл тәжі бозғылт қос ерінді, үстіңгі ерінінің бас жағында ойығы бар, және төменгісі үшжапырақты, аталығы төртеу. Гүлдеу мерзімі өте ұзақ (мамырдан тамызға дейін) , жемістері ұсақ, қара шар тәрізді, маусым-қыркүйек айларында піседі. Барлық жебірлердің құрамында эфир майы көп болғандықтан күшті хош исті. Бұл түрден өндірісте эфир майы дайындалады. Шикізат-кептірілген сабақтардан, жапырақтардан, гүлдерден тұрады, «чабрец щөбі» деп аталады. Эфир майы парфюмерия, косметика, консервлеуде және кондитер өндірісінде, кейде тағамға дәм беру үшін пайдаланады.
Жемісі – жаңғақша. Жебірдің құрамында эфир майы көп. Одан алынатын тимол медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.[1]. Жебір шөбі - ертеден келе жатқан емдік зат, тіпті Ежелгі Грецияда пайдаланылған. Біздің елімізде суықтигенде, тіс ауруларына, асқазан т.б жиі қолданады. Жақын түрлері барлық белгілі, жөтелге қарсы ішетін тәтті сироп - пертусиннің негізгі құрамы болып табылады. Басқа бағалы қасиеті - омарталық және декоративтік. Ауа райы қолайлы жылдары ол мықты деген омарталық өсімдіктермен бәсекелес бола алады, әсіресе жазықта, далада және тауда. Саяжайларда өсіру болады. Жақсы күтім жасалған болса тұқымнан өскен дербес түр екінші - үшінші жылдары гүлдейді . [2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |