Жітіқара ауданы
Қазақстан ауданы | |||
Жітіқара ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
10 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
1 | ||
Ауыл саны |
17 | ||
Қала саны |
1 | ||
Әкімі |
Аслан Амантайұлы Жаныспаев | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, №65 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
52°13′48″ с. е. 61°07′48″ ш. б. / 52.23000° с. е. 61.13000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°13′48″ с. е. 61°07′48″ ш. б. / 52.23000° с. е. 61.13000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
7311,99 км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
42 611[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (44,87%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
110702-110718 | ||
Автомобиль коды |
10 | ||
Жітіқара ауданы — Қостанай облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы — 7 311,99 км². Орталығы — Жітіқара қаласы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстігінде Денисов, шығысында Қамысты аудандарымен, батысында Ресей Федерациясымен шектеседі.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданның аумағы шығысқа қарай еңіс келеді. Орал сырты үстіртінің орта бөлігін алып жатыр. Оның ең биік жері — ауданның оңттүстік-батыс жағындағы Жітіқара тауы (414 м). Кен байлықтарынан асбест, каолин сазы, құрылысқа жарамды тас, құм, әктас т.б. кездеседі.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты шұғыл континенттік, қаңтардың орташа ауа температурасы — 17°С, шілдеде 20°С шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шығыстан батысқа қарай 250 мм-ден 350 мм-ге дейін өзгереді. Жер беті сулары ауданның оңтүстік және шығыс шекараларымен ағып өтетін Тобыл өзенінен, оның сол салалары — Бозбие, Ақтастысай, Шортанды, Желқуар өзендерінен және Тобылдың бойында орналасқан кішігірім көлдерден тұрады. Топырағы қара, қызыл қоңыр карбонатты, оларда, көбінесе, бетеге мен жусан, селеу, өзен бойларында шалғынды шөптер басым өседі. Жабайы жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, тышқандардың бірнеше түрі, құстардан кезқұйрық, бозторғай, бөдене, сары және ақ шымшық, қызғыш, қарға мен сауысқан мекендейді, өзен-көлдерде: қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала кездеседі, аздап балық ауланады.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[3] | 1999 | 2009[4] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
25508 | ▲31652 | ▼28252 | ▼25067 | ▲25917 | ▲56497 | ▼50441 | ▼46991 |
Тұрғындар саны – 47 661 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 44,76%, орыстар – 37,69%, украиндар – 7,42%, немістер – 3,39%, татарлар – 2,23%, беларустар – 1,55%, башқұрттар – 0,68%, молдовандар – 0,33%, корейлер – 0,25%, әзербайжандар – 0,24%, басқа ұлт өкілдері – 1,47%.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]18 елді мекен 2 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Большевик ауылдық округі | Тургеновка ауылы | 5 | ▼664 |
Жітіқара қалалық әкімдігі | Жітіқара қаласы | 1 | ▲34880 |
Забелов ауылдық округі | Забеловка ауылы | 1 | ▼1326 |
Милютин ауылдық округі | Милютинка ауылы | 1 | ▼710 |
Мүктікөл ауылдық округі | Мүктікөл ауылы | 2 | ▼470 |
Пригородный ауылдық әкімдігі | Пригородное ауылы | 1 | ▼1467 |
Приречный ауылдық округі | Приречное ауылы | 1 | ▼362 |
Степной ауылдық округі | Степное ауылы | 2 | ▼698 |
Тоқтаров ауылдық округі | Тоқтаров ауылы | 2 | ▼826 |
Чайковский ауылдық әкімдігі | Чайковское ауылы | 1 | ▼640 |
Ырсай ауылдық округі | Ырсай ауылы | 1 | ▼389 |
Ірі елді мекендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекен | Халқы (2021) |
---|---|
Жітіқара | ▲ 34880 |
Пригородное | ▼ 1467 |
Забеловка | ▼ 1326 |
Тоқтаров | ▼ 737 |
Милютинка | ▼ 710 |
Чайковское | ▼ 640 |
Кәсіпорындары мен шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өнеркәсібі “Костанайасбест” акционерлік қоғамы, мемлекеттік “Жітіқара жылу энергетикалық компаниясы” қазыналық кәсіпорны, “Булудов” жекеменшік кәсіпорны, одан басқа нан, сүт зауыттары, т.б. кәсіпорындардан тұрады. Жітіқара аданының ауыл шаруашылығына пайдаланатын жері 440,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 259,2 мың га, шабындығы 1,3 мың га, жайылымы 180,0 мың га (2000). 1996 жылға дейін 10 астық, 2 қой, 1 көкөніс-сүт кеңшары және Львов тәжірибе станциясы болды. Қазір олардың негізінде ауданда 340-тан астам шаруа (фермер) қожалықтары мен 18 серіктестік құрылды.
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданда 30 мектеп, 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 1 аудандық аурухана, 18 фельдшерлік-акушерлік, 6 дәрігерлік-амбулаторлық пункттер жұмыс істейді.
Экономикалық-әлеуметтік байланыстары Қостанай — Жітіқара темір жолымен және Қостанай — Жітіқара, Жітіқара — Забеловка, Жітіқара — Волгоградское — Жалтыркөл автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
|