Жітіқара

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Жітіқара
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Қостанай

Ауданы

Жітіқара

Ауылдық округі

Жітіқара

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°11′38″ с. е. 61°12′25″ ш. б. / 52.19389° с. е. 61.20694° ш. б. / 52.19389; 61.20694 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°11′38″ с. е. 61°12′25″ ш. б. / 52.19389° с. е. 61.20694° ш. б. / 52.19389; 61.20694 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1880

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

35 298[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

10

zhitikara.kostanai.kz

Жітіқара картада
Жітіқара
Жітіқара
Жітіқара картада
Жітіқара
Жітіқара

ЖітіқараҚостанай облысы Жітіқара ауданындағы қала, аудан және Жітіқара қалалық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс орталығы – Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 215 км жерде, Шортанды өзенінің орта ағысының екі жағалауында, сұлыбас, бетеге, ақселеу өскен қоңыр қызыл топырақты дала белдемінде орналасқан.

1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 36359 адам (16520 ер адам және 19839 әйел адам) болса, 2009 жылы 33587 адамды (15239 ер адам және 18348 әйел адам) құрады.[2]

Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысында ашылған Аққарға, одан кейін Жітіқара алтын кен орындарын игеруге байланысты қаланды. Алғашқы кезде «Веселый аул» деп аталды. 1913 жылы мұнда 12 алтын кеніші, 2 химия зауыты болған. Жылына 2,5 ц алтын өндіріліп, Ресейге жіберілетін. 1939 жылы жұмысшы кенті қалаға айналды. Жітіқарада 1959 жылға дейін алтын өндіріліп келді. 1960 жылы осы маңда хризотил-асбест кен орнының ашылуына байланысты қала тез қарқынмен өсіп, түгелдей жаңарды. Қаладағы асбест комбинаты, нан зауыты, ет және сүт, т.б. мекемелер «Қостанайасбест» акционерлік қоғамына, «Жітіқара жылу энергия компаниясы» мемлекеттік кәсіпорнына, т.б. біріктірілген.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлеуметтік инфрақұрылымында 8 мектеп, 2 балабақша, мәдениет үйі, қонақ үй, 6 кітапхана, кинотеатр, аудандық аурухана, емхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Қалада демалыс саябағы салынған. Тұрғындары темір жол және автомобиль жолы арқылы көрші елді мекендермен қатынасады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]